​«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес компаниялары адам ресурстарын басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерін енгізуде

Персоналды грейдирлеу қызметкерлердің өздеріне өте тиімді, ашық және ең бастысы, түсінікті еңбекақы төлеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Грейдинг сөзі (ағылш. grading) «жіктеу, сұрыптау, реттеу» дегенді білдіреді. Грейдирлеу – бұл компания қызметіне олардың мәні мен ықпалына байланысты лауазымдарды жайғастыру. Бағалау мынадай көптеген факторларға негізделіп отыр: басқару, коммуникация, жауапкершілік, жұмыстың күрделілігі, дербестілік, шешілетін міндеттердің күрделілік деңгейі және т.с.с. «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да жаңа жүйені кезең-кезеңмен енгізу басталды, TownHall-кездесулер мен мастер-кластар ұйымдастырылуда, онда қызметкерлер лауазымдар сипаттамаларын дайындау процесіне белсенді тартылып жатыр.

e4179b660ac9c9d1bea962c4bae6ed19.JPG