«Самұрық-Қазына» Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы кәсіпкерлерді қолдау форумын өткізді.

Премьер-Министр Асқар Мамин мен Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «Samruk Business Forum»-да сөйлеген сөзінде отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бүгінгі таңда басымдық болып табылатынын және ірі компаниялардың сатып алу құрылымындағы жергілікті қамту үлесін арттыру қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, бұл көрсеткіш «Taý-Ken Samuryq» ұлттық компаниясында тауарлар бойынша 71% және қызметтер бойынша 90% құрайды, яғни тау-кен компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары тауарлар мен қызметтердің басым көпшілігін отандық жеткізушілерден сатып алады.  «Samruk Business Forum» қазақстандық өндірушілерге импортты алмастыру үшін нақты мүмкіндіктер ұсынды және мұнда, форум алаңында Қордың портфельдік компаниялары мен отандық кәсіпорындар арасында 34,8 млрд теңге сома көлемінде шарттарға қол қойылды. Бизнес-форумның екінші бөлігі Қордың сатып алуының жаңа моделі бойынша оқыту сессиясын және В2В форматындағы кездесулерді ұсынды. Бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, zakup.sk.kz сатып алу порталының мүмкіндіктерін қалай тиімді пайдалану, өнім берушілердің алдын ала біліктілік іріктеуін енгізу, сатып алуды санаттық басқарудың негізгі принциптері және тауарлар мен қызметтерді сатып алумен байланысты барлық үдерістерді бақылау жүйесі туралы айтылды.