Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет) «Taỳ-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның (бұдан әрі – Компания) Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынысты және функционалдық есеп беретін, Компанияның ішкі аудитін ұйымдастыурды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін органы. Қызметтің қызметіне Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.

ІШКІ АУДИТТІҢ МИССИЯСЫ

Миссия – Директорлар кеңесі мен Атқарушы органның Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу  жөніндегі міндеттерін орындауына қажетті жәрдем  көрсету болып табылады.

ІШКІ АУДИТ МАҚСАТЫ

  • Ішкі аудит ұйымның қызметін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестер беру жөніндегі қызмет болып табылады.
  • Ішкі аудит тәуекелдерді  басқару, бақылау және корпоративтік басқару процесстерінің тиімділігін бағалауға және арттыруға жүйеленген және дәйекті тәсілді қолдана отырып, ұйымға қойылған мақсаттарына жетуге көмектеседі. 
  • Жылдық аудиторлық жоспарды әзірлеу кезінде Қызмет тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады. Аудиторлық тексерулер аудит жөніндегі комитет мақұлдаған және Компанияның Директорлар кеңесі бекіткен Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
  • Аудит жөніндегі комитет алдын ала қараған Қызметтің қызметі туралы есеп Директорлар кеңесіне тұрақты негізде ұсынылады.
  • Үздіксіз кәсіби даму мақсатында Қызметтің қызметкерлері оқу іс-шараларына қатысады, сонымен қатар өздерінің білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін тұрақты жетілдіріп отырады.