Елеулі оқиғалар

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Tau-Ken Temir» ЖШС мен «Silicon Mining» ЖШС-ны бәсекелес ортаға өткізетіні туралы хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Активтерді бәсекелес ортаға беру қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңді конкурс арқылы активтерге қатысу үлестерінің 51%-дан 100%-ға дейін өткізу болжанып отыр. 

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 14 наурызға дейін, конкурсты қорытындылау 2024 жылғы 5 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Толық ақпарат пен конкурстық құжаттаманы «Тау-Кен Самұрық» сайтынан білуге болады.

«Tau-Ken Temir» ЖШС мен «Silicon Mining» ЖШС ҚР Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген.

***

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына және «TKS Geology» ЖШС Жарғысының 39-тармағының 5-тармақшасына сәйкес «TKS Geology» ЖШС Қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы (18.09.2023 ж. № 8 хаттама) серіктестікті тарату туралы шешім қабылдады.

«TKS Geology» ЖШС қатысушылары: «Самұрық-Қазанна Инвест» ЖШС (үлесі 99,9976%) және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (үлесі 0,0024%).

***

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ мен «Kazzinc Holdings» ЖШС арасындағы «Қазмырыш» ЖШС қатысу үлесіне қатысты сенімгерлік басқару шартына сәйкес «Тау-Кен Самұрық» «Қазмырыш» ЖШС қатысу үлестерін тікелей иеленуге көшті.

Шартты жасасу «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлары кеңесінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен мақұлданды (№04/20 хаттама).

***

Жалғыз қатысушының шешіміне сәйкес (27.11.2019 жылғы №11/19 хаттама) «Тау-Кен Проект» БК» ЖШС атауын өзгерту туралы шешім қабылданды.  Өзгерістер әділет органында 2019 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді.  Жаңа атауы  – «TKS Geology» ЖШС.

***

Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2019-2023 жылдарға арналған болжалын орындау шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Қазцинк» ЖШС басқару құрылымын оңтайландырып, «Қазцинк» ЖШС-ға қатысу үлесін тікелей иеленуге көшеді.

Осыған байланысты, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылғы 18 сәуірде «Logic Business» ЖШС, «Logic Invest Capital» ЖШС, «ДАНА» инвестициялық үйі» ЖШС тарату туралы шешім (№03/19 хаттама) қабылдады.

Жоғарыда аталған серіктестіктерді тарату жөніндегі іс-шаралар жүргізілді және 2019 жылғы 18 сәуірде «Logic Business» ЖШС, «Logic Invest Capital» ЖШС, «ДАНА» инвестициялық үйі» ЖШС қызметтерін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылды.

***

«Тау-Кен Проект» БК» ЖШС 2013 жылғы 20 ақпандағы №4188-ТПИ Келісімшартының негізінде Қарағанды облысындағы Спасск мыс кені аумағында мыс, алтын және ілеспе компоненттерді барлау жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылған. «Тау-Кен Проект» БК» ЖШС-ның жалғыз акционері 100% қатысу үлесімен «Taý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы болып табылады. «Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеңберінде геологиялық барлау жобаларын оңтайландыруды жүргізуде.

2019 жылғы 17 қыркүйекте «Тау-Кен Проект» БК» ЖШС және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС арасында Қарағанды облысындағы Спасск мыс кені аумағында мыс, алтын және ілеспе компоненттерді барлауға арналған 2013 жылғы 20 ақпандағы №4188-ТПИ Келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу-сату жөніндегі №Д1910-190931-029902 шарт жасалды.

2019 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Жер қойнауын пайдалану құқығы «Тау-Кен Проект» БК» ЖШС-дан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ға өтуі туралы келісімшартқа №7 қосымша тіркелген (тірк.№5637-ТПИ).

***

Директорлар Кеңесінің 2018 жылғы 29 қазандағы шешіміне (№09/18 хаттама), сондай-ақ, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС-ның 2018 жылғы 15 қарашадағы Сатып алу-сату шартына сәйкес 2019 жылғы 7 тамызда «Тау-Кен Прогресс» ЖШС қайта тіркелген. «Тау-Кен Прогресс» ЖШС-ның толыққанды иесі «ASIA-GROUPKZ» ЖШС болып табылады. Жоғарыда баяндалғанға байланысты «Тау-Кен Прогресс» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ активтері мен инвестициялық жобалары тізімінен шығарылған.

***

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ еншілес ұйымы «ТКС-Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін тоқтату туралы.

2016 жылғы 11 тамызда Астана қаласы Әділет департаментінің Есіл аудандық әділет басқармасы «ТКС-Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы №1039 бұйрық шығарды.

***

Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

1) Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешімді шығарған мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есiл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

2) Мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі;2016 жылғы 2 наурыздағы әкімшілік жазаны қолдану туралы №000506 қаулы.

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабын көрсете отырып, әкімшілік жаза қолданудың (әкімшілік құқық бұзушылық құрамының) мазмұны: құқық бұзушылықтың мәні салық есебін дер кезінде ұсынбаудан тұрып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 141-бабының 4-тармағын және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабының 1-бөлімін бұзған болып табылады, осыған байланысты «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

_______________________________________________________________________________________________________________

«Тау -Кен Самұрық» ҰТК АҚ әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

1) Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты;

2) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 3-6659/2015 қаулысы бірінші инстанцияның сот шешімін өзгеріссіз, ал Қоғамның шағымын қанағаттандырмау туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы №3а-413/2015 Астана қаласының азаматтық және әкімшілік сот жөніндегі апелляциялық сот алқасының шешімінен кейін күшіне енді;

3) құқық бұзушылық «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Қоғамның атқарушы органының құрамы туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийініңинтернет-ресурсында дер кезінде ашпауы болып табылады. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 102 -бабының 1- тармағына сәйкес эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндетті. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 102 –бабының 2 және 4 -тармақтарына сәйкес Қоғам оқиға орын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде атқарушы органның құрамына өзгерістер туралы ақпаратты орналастыруға міндетті болды, сонымен қатар осы ақпарат Қоғам арқылы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында белгіленген мерзімнен кеш орналастырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 263-бабында қарастырылғандай Қоғам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жауапкершілікке және жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде мемлекеттік кіріске әкімшілік өндіріп алуға тартылды.

_______________________________________________________________________________________________________________

БАСТАЛАТЫН КҮНІ: 21.08.2014 14:30
АЯҚТАЛАТЫН КҮНІ: 26.08.2014 16:00
МӘРТЕБЕ: ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ АШЫҚ
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ (бұдан әрі – Компания), мына мекенжайда орналасқан: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8 (13-қабат), «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама «Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымдарды таңдау жөніндегі қағидасына сәйкес (бұдан әрі – Қағида), «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ еншілес және тәуелсіз компанияларының 2013 жылғы жеке қаржы есептемесі аудиті бойынша бір көзден аудиторлық ұйымдар қызметін кейіннен сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасын өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, саны, сертификаттау толықтай қызмет көрсету мерзімі, аудиторлық ұйымды таңдау өтінімінде (бұдан әрі – қатысуға өтінім) көрсетілген. Қатысуға өтінімнің көшірмесін 2014 жылғы 26 тамызға дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8, «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб., сағат 9.00 – 12.00 a.alpichsheva@tks.kz.
Таңдау процедурасына қатысу өтінімінің көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізушілердің өкілдері Компаниямен құпиялылық туралы келісімге қол қоюға міндетті.
Конвертке салынған, таңдауға қатысу өтінімі, Компанияның әлеуетті жеткізушілеріне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8, «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб., сағат 9.00 – 12.00 a.alpichsheva@tks.kz.
Таңдау процедурасына қатысу өтінімін берген кезде, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қолма-қол, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері, таңдау процедурасына қатысу өтінімін ұсыну құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғаларға сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін беруге міндетті. Таңдау процедурасына қатысу өтінімін ұсынудың соңғы мерзімі 2014 жылдың 26 тамызында 16.00 сағ. дейін.
Таңдау процедурасына қатысу өтінімі салынған конверт 2014 жылғы 26 тамызда, сағат 16.30-да мына мекенжай бойынша ашылатын болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8, «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 55 95 54, 55 93 68.
Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелді компанияларының 2014 жылғы дербес қаржы есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық ұйымдардың қызметін кейін бір көзден сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымдарды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру
«Тау-Кен Самұрық» АҚ (бұдан әрі – Компания), мына мекенжайда орналасқан: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8 (13-қабат), «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелді компанияларының 2014 жылғы дербес қаржы есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық ұйымдардың қызметін кейін бір көзден сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымдарды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, саны, толық сертификаты және қызмет көрсету мерзімі, аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімде (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) көрсетілген. Қатысуға арналған өтінімнің көшірмесін 2014 жылғы «13» қарашаны қоса есептегенге дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8 «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб. Сағат 9.00 – 12.00 a.alpichsheva@tks.kz,
Таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімнің көшірмесін алу үшін, әлеуетті жеткізушілердің өкілдері Компаниямен құпиялылық туралы келісімге қол қоюға міндетті.
Конвертке салынған таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді әлеуетті жеткізушілер Компанияға, мына мекенжай бойынша ұсынады (жолдайды): Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8 «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб. Сағат 9.00 – 12.00 a.alpichsheva@tks.kz.
Таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсынған кезде әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қолма қол, немесе әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері, таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсыну құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғаларға сенімхат немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі 2014 жылғы «14» қарашадағы сағат 16.00 дейін № 1335 каб.
Таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінім салынған конверттер 2014 жылғы «14» қарашадағы сағат 16.00-де мына мекенжай бойынша ашылады Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көш., 8 «Б» блок, 13-қабат, № 1335 каб. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 55 95 54,55 93 68.