Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған Health&Safety форумында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы H&S саласында жеке міндеттемелерге қол қойды. Осы міндеттеме қауіпсіздік құндылықтарына бейілділікті, компанияларда еңбекті қорғау саласындағы озық практикаларды енгізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасауды көрсетеді.

2021-2022 жылдар кезеңінде Компанияда және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар және ірі өнеркәсіптік авариялар тіркелмеген.

Қоғамның өндірістік алаңдарында байыту фабрикасы объектілерін және ілеспе инфрақұрылымды салу үшін Басқарма бекіткен Мердігерлік ұйымдарды басқару стандарты әзірленген мердігерлік ұйымдар тартылады. Стандартта жұмыстарды ұйымдастыруға, өндірістік және жұмыс орындары мен алаңдарды ұстауға, жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар анықталған. Бұдан басқа, өндірістік алаңдарда мінез-құлық аудитін жүргізу бойынша ұсынымдар әзірленеді. Ұсынымдар қауіпті іс-әрекеттер мен қауіпті жағдайларды анықтауға, алдын алуға және болдырмауға, жоғары басшылықтың және барлық деңгейдегі басшылардың, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік мәселелеріне деген ынтасын күшейтуге және адалдығын арттыруға бағытталған. 2022-2023 жылдар жоспарында ISO 14001 және ISO 45001 стандарттарын енгізу және еншілес және тәуелді ұйымдарды («Алайғыр» БК» ЖШС, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «Тау-Кен Алтын» ЖШС) жоғарыда көрсетілген стандарттарға кейіннен халықаралық сертификаттау бойынша іс-шаралар жоспарланған. Еншілес және тәуелді ұйымдардың өндірістік алаңдарында IR (өндірістік қатынастар) стандарттарын енгізу бойынша материалдарды (ережелер, регламенттер және т.б.) дайындау жүргізіледі.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты