Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орнының вольфрам-молибден кендерін барлау және өндіру

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: вольфрам (W)

Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: молибден (Mo)

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: вольфрам (W)

Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: молибден(Mo)

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы

Жоғарғы Қайрақты кен орны Қарағанды облысының Шет ауданында, Жарық темір жол станциясынан 35 км жерде орналасқан. Кен орны көліктік және энергетикалық коммуникацияларға жақын. Ірі облыстық және өнеркәсіптік орталық – Қарағанды қаласы кен орнынан солтүстікке қарай 130 км жерде орналасқан. Маңынан 65 км жерде орналасқан Ағадыр кентіне дейін оңтүстік-батыстан 6 км технологиялық және 59 км асфальтты жол өтеді. Жоғарғы Қайрақты кен орнынан Солтүстік Қатпар кен орнына дейін ұзындығы шамамен 42 км көпірлер мен субұруы бар темір жол төсемінің үймесі төселген. Карьерге жақын жерде АӨК-ге арналған алаңдар орналасқан (АӨК-нің бір бөлігі сақталған). Жоғарғы Қайрақты кентінде құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйлер (қораптар) бар. Ең жақын отын-энергетикалық база – Қарағанды көмір бассейні (160 км). Ауданның барлық кәсіпорындарын көмірмен қамтамасыз ете алатын Шұбаркөл көмір кен орны солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде игерілуде. Болашақта кәсіпорынды сыртқы энергиямен жабдықтау «Балқаш-Қарағанды» ЭБЖ-500кВ немесе «Павлодар-Орта Азия» Ақадыр қосалқы станциясынан қамтамасыз етілуі мүмкін. Кәсіпорынды сумен жабдықтау тәулігіне 130 мың м3 бекітілген қорларымен Жаман-Сарысу және Жақсы-Сарысу кен орындарының және Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналының Ақтасты су қоймасының жерасты сулары есебінен жүзеге асырылуы ықтимал.

Климаттық тұрғыдан алғанда, аудан қуаң дала аймағына кіреді және күрт құбылмалылығымен ерекшеленеді. Жазы ыстық және құрғақ, жауын-шашыны аз; күзі құрғақ, үскірік; көктемі қысқа (1-2 ай), жауын-шашынды; қысы ұзақ, шамамен 150 күнге созылады, қалыпты қатты желді. Ауаның орташа жылдық температурасы +2,90; жазда ол + 37-ге дейін, қыста -40-қа дейін төмендейді.

Геологияның қысқаша сипаттамасы

Гравиметриялық түсірілім деректері бойынша кен орны көлемі 17х5 км гранит массивінің интрузивті аймағында орналасқан, жоғарғы шекарасы 2,2 км және төменгі шекарасы 6-7 км. Өнеркәсіптік кен денелері өзгертілген шөгінді жыныстардың қалыңдығында жатқан тік түсетін қатпарлар мен кварц тастамырының топтамасымен қалыптасқан штокверкке орайластырылған. Штокверк аймағының жалпы контуры 10х18 км, ал сирек металды өнімді бөлігі 2300 м2 аумақты алып жатыр. Вольфрам кенденуі жер бетінен 750-800 м тереңдікке дейін жетілген. Молибден кенденуі төменгі горизонттарға қарай тартылған. Кен орнын игеру инженерлік-геологиялық талаптар бойынша орташа күрделілік тобына жатады. Бастапқы кендердің минералды құрамы алуан түрлі және құрамында шеелит, вольфрамит, молибденит, висмутин, пирит, халькопирит, табиғи висмут және басқалары сияқты негізгі кен минералдары бар. Ерекшелігі – шеелиттің басым болуы (80%-дан астам).

Қорлар/ресурстар

Measured+Indicated+Inferred санатындағы JORC стандарттары бойынша ресурстар көлемі 683,7 млн тонна вольфрам кенін (кендегі 712 мың тонна вольфрам триокисін) құрайды. Жоғарғы Қайрақты стратегиялық маңызы бар кен орындарының тізбесіне кіреді.

Ағымдағы мәртебесі

2016 жылы – жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алынды.

2018-2020 жылдары – геологиялық-барлау жұмыстарының кешені аяқталды.

2019 жылы – JORC кодексіне сәйкес минералды ресурстар бойынша есеп әзірленді; кенді алдын ала байытудың рентгенорадиометриялық, рентгенолюминесценттік және рентгеноабсорбциялық әдістері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылды; Машуран жерасты сулары кен орнының қорлары қайта бағаланды.

2020 жылы – флотация бойынша технологиялық сынақтардың жұмыстары аяқталды; алдын ала байытудың кедей кендері мен өнеркәсіп өнімдерін үймелеп сілтісіздендіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды; гидрогеологиялық зерттеу жұмыстары аяқталды; Барлау жоспары әзірленді.

2021 жылы – ҚР ҚМК-ның бекітуімен қорларды есептей отырып, өнеркәсіптік кондициялардың ТЭН-інің есептері әзірленді; БФ және ММЗ құрылысына арналған технологиялық регламентті әзірлей отырып ҒЗЖ жүргізуге шарт жасалды; кен орнын өңдеу кезінде тау-кен сілемін басқару параметрлерінің геомеханикалық негіздемелерін айқындау бойынша жұмыстарды орындауға шарт жасалды.

2022 жылы алдын ала ТЭН/ТЭН әзірлеу жұмыстары жоспарланған.

Қосымша ақпарат және ескертпелер

Жоба операторы – «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Северный Катпар» ЖШС.