2012 ЖЫЛҒЫ 18 ҚЫРКҮЕКТЕ «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ AUSTMINELTD БАСҚАРҒАН АВСТРАЛИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУІ БОЛЫП ӨТТІ

2012 жылғы 18 қыркүйекте «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің, тау-байыту технологиясы және қызметтер саласындағы компаниялардың Өнеркәсіптік Қауымдастығы болып табылатын, AustmineLtd басқарған Австралия делегациясымен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Xtrata Technology,Mine Site Technologies, Mine Site Technologies, Bureau Veritas Australia, MAPTEK, Russel Mineral Equipment (RME), AcmecLabs сияқты австралиялық компаниялардың тұсаукесері өтті.
Компания өкілдері сөйлеген сөздерінде, олардың тау-кен өнеркәсібіне ұсынатын технологиялары мен қызметтері туралы, аталған жабдықтар мен технологияларды қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ Қазақстандағы қызметтері туралы айтып өтті. Мұның сыртында аталған компаниялардың өкілдері «Тау-Кен Самұрық» АҚ жобаларына қызығушылық білдірді.