2013 жылғы 28 қарашада «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда мынадай 11 мәселе қаралып, шешімдер қабылданды.

2013 жылғы 28 қарашада «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда мынадай 11 мәселе қаралып, шешімдер қабылданды.
Мыналар бекітілді: «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспары, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілді.
Елу және одан да көп акциялар пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) «Тау-Кен Самұрық» АҚ тиесілі, акционерлер (қатысушылар) жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет түрлері бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі, «Тау Кетмень» ЖШС Жарғысына, «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы, «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушылары жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша, «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушысы ретіндегі «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұстанымын айқындау туралы, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгідегі жауапкершілігі шектеулі серіктес заңды тұлғаны құру туралы шешімдер қабылдады.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеттің ұсыныстары бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшы қызметкерлерінің сабақтастығын жоспарлау саласындағы тәжірибені, «Тау-Кен Самұрық» АҚ жариялаған акцияларды орналастыру (іске асыру) туралы қарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма мүшелеріне, Ішкі аудит қызметі басшыларына және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне, Корпоративтік хатшыға және Корпоративтік хатшы қызметінің қызметкерлеріне сыйақы беру жөнінде шешім қабылдады.
Сонымен бірге, Директорлар кеңесі маңызды тәуекелдерді (оның ішінде құқықтық тәуекелдерді) саралауды сипаттай отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді, тәуекелдер бойынша лимиттерді сақтау туралы ақпараттарды, 2013 жылғы ІІІ тоқсандағы тәуекелдерді барынша азайту жоспарын іске асыру жөніндегі мәліметтерді, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарының 2013 жылғы 9 айдағы орындалуы туралы қарады.