2014 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды қаласында келісімге қол қойылды

2014 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды қаласында «Тау-КенСамұрық» АҚ пен «Қазақстанның инвестицияқоры» АҚ арасында «Қарағанды облысындағы метал кремнийін өндіру зауытының дайындық жұмыстары және іске қосу» жобасын іске асыру бойынша, оны сауықтыруды көздейтін келісімге қол қойылды.
Қуаты жылына 25000 тонна және кем дегенде 98,5% таза метал кремнийін өндіру зауыты, 2008 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді, алайда бірқатар қаржы-техникалық проблемаларға байланысты зауыт жұмысы 2013 жылғы ақпанда толық тоқтатылды.

Кремний өндіретін шикізат базасы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Ақтас және Ақшоқы 3– екі талшықты кен орны болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2003жылғы 30 мамырдағы қаулысымен құрылған «Қазақстанның инвестиция қоры» АҚ, активтерді қайта құрылымдау және стресс активін басқару саласындағы мемлекеттік даму институты және басқарушы компания.