2014 жылғы 15 қазанда Қарағанды қаласында қалпына келтірілген кремний зауытының №1 рудотермиялық пешінде алғашқы балқыту жүзеге асырылды

2014 жылғы 15 қазанда Қарағанды қаласында металлургия кремнийін өндіру жөніндегі зауыттың алғашқы металын шығару салтанатты рәсімі болып өтті.

Салтанатты рәсімге 50-ден астам адам қатысып, олардың арасында: «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов, Қарағанды облысының әкіміН.К.Әбдібеков, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қ.У.Бишімбаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Зауыт тазалығы кемі 98,5% болатын металлургия кремнийін өндіруге бағытталған. Металлургия кремнийін өндіру технологиялық процестің екі сатысын қарастырады, олар: шөміште технологиялық кремнийді балқыту және технологиялық кремнийді тазарту – алюминий және кальций қоспасынан аршу.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ қазіргі уақытта инвестициялық жобаны іске асыруға 1,4 млрд. теңгеден астам қаражат салды.

Зауыт директоры Е.Б.Иманқұловтың шақыруы бойынша қонақтар цехты аралап, қабылдау шөмішінде алғашқы металды шығару процесін бақылады. Қонақтар зауыттың алғашқы өнімін шығару процесіне ерекше назар аударды.

Осыдан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қ.У.Бишімбаев сөз сөйледі. Өзінің сөзін алдымен проблемалық активтің «Қазақстанның даму банкі» АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ беру оқиғалары туралы баяндаудан бастады. Сондай-ақ, стратегиялық инвестор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығына алғыс айтты.

Осыдан кейін, барлық қатысушылардың қызу қол шапалақтауымен Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібеков сөз алды. Ол, зауыттың қолда барын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын құру аймақтың әлеуметтік тұрақтылығын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қарағанды индустриалды аймағында экспортқа бағдарланған және сұраныстағы өнімдерді өндіру жөніндегі зауытты қайта жаңартудың мәнін ерекше атап өтті.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов өзінің құттықтау сөзінде, металлургия кремнийі өндірісі «Tau-Ken Temir» ЖШС мамандарының күшімен қайта жаңғырғанын атап өтті, атап айтқанда техникалық аудит жүргізілді, жобалық қуаты жылына 12,5 мың тонна кремний шығаратын №1 доғалы рудотермиялық пеш іске қосылды. Сондай-ақ ол, екінші рудотермиялық пеш іске қосылатын, зауыттың 2015 жылғы жоспарларымен бөлісті.

Кремний зауытының директоры Е.Б.Иманқұловтың пікірі бойынша, аталған зауыт – кремний өндірісін одан әрі дамыту үшін және білікті жұмысшыларды дайындау үшін аса ірі алаң болып табылады. Сондай-ақ ол, әрқайсысы баға жетпес үлесін қосқаны үшін, жобаның барлық қатысушыларына, «Tau-Ken Temir» ЖШС ұжымына алғысын айтты.

Іс-шаралар бағдарламасын қатысушылар брифингі жалғастырды.

Қарағанды қаласындағы металлургия кремнийі өндірісі жөніндегі зауытты қайта жаңғырту жұмысы, аймақтың одан әрі экономикалық дамуына мүмкіндік жасайды, өйткені жұмыс орындары бюджетке қосымша салық түсімі. «Tau-Ken Temir» ЖШС ұжымына металлургия кремнийі өндірісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге тілектестік білдіреміз.