Астанада 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресі ашылды

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ сала үшін маңызды осы шараға қатысып жатыр. Форум аясында компанияның бірнеше тақырыптық сессияларға қатысуы және Басқарма Төрағасының баяндама жасауы жоспарланған. Конгреспен қатар тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен технологияның халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр, мұнда да Ұлттық Тау-кен Компаниясының стенді қойылған.

dc948e0bff4bfc94bac020e10daa17cf.JPG

Бүкіләлемдік тау-кен конгресінің бірінші күні «Қазгеология» ҰГК» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен ерекшеленді. Компаниялар еліміздің геологиялық және тау-кен өндірісі кешендерін әрі қарай дамыту үшін өз күштері мен мүмкіндіктерін біріктіруге уағдаласты. Атап айтқанда, кен орындарын бірлесіп іздеу, барлау мен өңдеу және болашақта отандық тау-кен-геологиялық кластерін қалыптастыру жайы сөз болды.

2aa21f94765d22c240506253d8647809.JPG