Білімді басқару

Қызметкерлерді оқыту және дамыту стратегиялық даму талаптары мен перспективаларын ескере отырып, персоналдың қажетті деңгейдегі біліктілігін қалыптастыру және қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

Процесс мынадай қағидаттарға негізделеді:

1. жүйелілік – кәсіптік оқыту мен кәсіптік даму жүйелерінің барлық элементтері стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

2. қарқындылық және икемділік – мақсаттарды түзету және міндеттерді өзгерту оқыту мақсатының, бағыттарының, басымдықтарының, әдістері мен нысандарының өзгеруіне алып келуі тиіс;

3. жүйелілік және үздіксіздік – оқыту және дамыту эпизодтық емес, жүйелі, жоспарлы сипатта болуы тиіс. Оқыту 70-20-10 қағидатымен құрылады (70% — жұмыс орнында оқу, 20% — тәлімгерлік және коучинг, 10% — тренингтер мен басқа да оқу бағдарламалы);

4. нәтижелілік – оқыту және дамыту қол жеткізілген нәтижелерді бағалаудың нақты өлшенетін өлшемдерімен сүйемелденуі тиіс;

5. практикалық бағыттылық – оқыту мен дамыту ең алдымен кәсіби және іскерлік дағдыларды қалыптастыруға бағдарлануы тиіс;

6. бірлексен жауапкершілік – оқытудың тиімділігіне қызметкер, тренер (оқытушы), құрылымдық бөлімше басшысы, жауапты құрылымдық бөлімше жауапты болады.

Жыл сайын қызметкермен және оның тікелей басшысымен келісілген жеке даму жоспарының базасында қалыптастырылатын қызметкерлерді оқытудың және біліктілігін арттырудың күнтізбелік жоспары жасалады және бекітіледі.