«Taỳ-Ken Samuryq» Ulttyq taỳ-ken kompanıasy» акционерлiк қоғамы 2009 жылы Үкіметтің қаулысына сәйкес құрылған тігінен-интеграцияланған компания, «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобына кіреді.
Біз өзіміздің экономика, экологияға және қоғамға ықпал етуіміздің маңыздылығын сезінеміз және мүдделі тараптардың қызығушылықтар теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзіміздің тұрақты дамуымызды қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
«Taỳ-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы алтын кен орнын, мыс кен орнын және қорғасын-мырыш кен орындарын игеруге шоғырландырылған. Біз өсудің үлкен әлеуетіне ие сирек металдар мен жерде сирек кездесетін элементтер секторын дамытуға перспективаларды көріп отырмыз.
Біздің стратегиялық мақсаттар мен бастамалар: 1) Активтердің жоғары сапалы портфелін қалыптастыру 2) Негізгі жобаларды іске асыру үшін стратегиялық серіктестерді тарту
Активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін біз ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін енгізіп отырмыз. Басты қағидаттар - тиімділік , жеделдік және ашықтық.
1