Жалғыз акционер өкілі, Директорлар кеңесінің мүшесі
ДК алғаш сайланған күн, ДК ағымдағы сайланған күн: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 14 тамыздағы шешімі (№24/18 хаттама)
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туылған күні: 1950 жылғы 8 шілде
Білімі:
–– Алматы зооветеринарлық институы (1972)
–– Менеджмент және маркетинг институты (1994)
–– Ресей Федерациясының жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы (1999)
Экономика ғылымдарының докторы, диссертациясының тақырыбы: «Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларындағы кәсіпкерлік және оны дамытудың стратегиялық бағыттары (Қазақстан Республикасының материалдарында)» (1994), Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымы академиясының академигі (1995)
Еңбек қызметі:
– Қазақстан Ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының тағылымгер-зерттеуші, аспирант, кіші ғылыми қызметкері (1979-1972);
– Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі (1979-1983);
– Бөген аудандық партия комитетінің нұсқаушысы (1983);
– «Бөржар» совхозының партком хатшысы (1983-1985);
– «Қаракөл» ҰӨО бөлім бастығы, «Қазқаракөл», «Қазақ қой шаруашылығы» бірлестігі төрағасының орынбасары, «Казақруноқаракөл» концернінің вице-президенті (1985-1992);
– «Қазагросыртқысауда» АҚ Сыртқы экономикалық бас директоры (1992-1993);
– «Агросауда» мемлекеттік сыртқы сауда акционерлік қоғамының президенті (1993-1996);
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – бас қаржы-әкімшілік басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты мен шетелдік мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент директоры (1996-1997);
– Қазақстан Республикасының Литвадағы Төтенше және Өкілетті елшісі (12.1997-06.2002);
– Қазақстан Республикасының Литвадағы және қоса атқарушы бойынша Эстониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (05.1998-06.2002);
– Қазақстан Республикасының Малайзия және қоса атқарушы бойынша Индонезия, Бруней-Даруссалам, Филиппиндегі Төтенше және Өкілетті елшісі (06.2002-04.2004);
– Қазақстан РеспубликасыныңҚызылорда облысының әкімі (04.2004-01.2007);
– Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі ( 02.2007 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республкасындағы және қоса атқарушы бойынша Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (06.2007-
);Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы(07.12.2011-
);– Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты(23.11.2011-
)Басқа ұйымдардың ДК жұмысы және мүшелілігі: «Бірлексен химия компаниясы» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі (31.05.2018жылдан бастап)