Аға тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі
ДК алғаш сайланған күн,
ДК ағымдағы сайланған күн: «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 23 сәуірдегі шешімі (№13/18 хаттама)
Азаматтығы: Грузия
Туылған күні: 1969 жылғы 28 қаңтар
Білімі:
1993 жылы Грузия Техникалық Университетін гидрология және инженерлік геология мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы Грузия Білім Академиясының Гидрология және Инженерлік геология институтында геолог-минералогиялық ғылым кандидаты дәрежесін қорғады.
Еңбек қызметі:
– 1994 – 1999 жылдары – Мемлекеттік Геология департаментінде геолог.
– 1998 – 1999 жылдары – Инженер-аудармашы, GIOC, SAPROF.
– 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін Дүниежүзілік Банкінде, Кәсіпорындарды Қайта құрылымдау және Басқару Орталығында (CERMA) әртүрлі лауазымдарды атқарды.
– 2004 – 2012 жылдары «Геопромайнинг» ЖШҚ Бас директоры, Бірінші Вице-Президенті.
– 2012 – 2013 жылдары «ReachMetalsGroup» ЖШҚ Бас директоры
– 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Фриона Коммерс» ЖШҚ Бас Операциялық Директоры.
Басқа ұйымдардың ДК жұмысы және мүше болуы: Грузия Регби Одағының Басқарма Бастығы
Компания акцияларына иелілігі: жоқ
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялар саны және үлесі: жоқ