Құдайберген Қанат Жақыпұлы

Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

ДК алғаш сайланған күн,

ДК ағымдағы сайланған күн: «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 23 сәуірдегі шешімі (№13/18 хаттама)

Азаматтығы: ҚазақстанРеспубликасы

Туылған күні: 1979 жылғы 3 маусым

Білімі:

– 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

– 2012 жылы Қазақ жол қатынастары университетінде тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдаланылуы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

– 2015 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесін алды.

«Халықаралық басқару» МВА, Geneva Business School (2016 жыл) және «Тау-кен ісі менеджменті» МВА , Мәскеу болат және қорытпалар институты ҰҒТУ (2017 жыл) дипломдары бар.

Еңбек қызметі:

– 2001 жылдан бастап– прокурордың аға көмекшісі, Жетісу көлік прокуратурасы.

– 2004 жылдан бастап – «Қазақтелеком» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары – шарттық-құқықтық бөлімінің бастығы

– 2006 жылдан бастап – ҚР АӨҚОқызметін реттеу агенттігінің Әкімшілік-қаржы департаментінің ұйымдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

– 2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін – «Тау-кен байыту комбинаты» ААҚ Өкілдігінде заң бөлімінің бастығы.

– 2009 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Заң басқармасының жетекші маманынан бастап Басқарма Төрағасы – Бас директорына дейін лауазымдарды атқарды.

– 2016 жылдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қаратау» ЖШС Бас директоры.

– 2018 жылғы сәуір айынын бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өңдеу» дивизионының басқарушы директоры.

– 2018 жылғы 23 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы.

Басқа ұйымдардың ДК жұмысы және мүшелілігі: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ДК Жалғыз акционерінің өкілі.

Компания акцияларына иелілігі:жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялар саны және үлесі: жоқ.