Итемгенов Нұрлан Гайсанұлы

Бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директор

Корпоративтік басқаруды ұйымдастыруды, Компания қызметін құқықтық қолдауды, адами ресурстарды басқару процесстерін, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Компанияны ұзақ мерзімді, теңгерімді және орнықты дамыту мақсатында әкімшілік-шаруашылық қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Сайланған күні: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 26 шілдедегі шешімі, № 06/19 хаттама.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған күні: 1968 жыл 14 ақпан

Білімі: Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша бітірді (1992), Рудненский мемлекеттік индустриялық институын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірді (2004), Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша (2005) бітірді.

Кәсіби қызметі:

1992 жылдан бастап– Емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігер-стоматологы, Рудный қаласы;

1998 жылдан бастап – «Рассвет» профилакториясының бас дәрігері,Рудный қаласы;

1999 жылдан бастап – «Соколовск-Сарабай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ емдеу-сауықтыру орталығының директоры, Рудный қаласы;

2001 жылдан бастап – «Соколовск-Сарабай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, Рудный қаласы;

2002 жылдан бастап – «Соколовск-Сарабай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президенті, Рудный қаласы;

2004 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты;

2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары;

2010 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры;

2012жылдан бастап –Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының)Кадрлар басқармасының бастығы;

2014 жылдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, Әкімшілік-кадрлық басқармасының бастығы;

2016 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары;

2017 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі, Астана қаласы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы Ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасары, Астана қаласы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директоры.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2019 жылғы 27 мамырда қабылданды.

Компания акцияларына иелілігі: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялар саны және үлесі: жоқ