Құдайберген Қанат Жақыпұлы

Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

«Тау-Кен Самұрық» ҰАК» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Сайланған күн: «Тау-Кен Самұрық» ҰАК» АҚ Директорлар Кеңесінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі шешімі, үзінді көшірме №02/18

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туылған күні: 1979 жылғы 3 маусым

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді (2000 жылы). Қазақ жол қатынастары университетінде тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдаланылуы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды (2012 жылы). Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді (2015 жылы), мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесін алды. «Халықаралық басқару» МВА, Geneva Business School (2016 жыл) және «Тау-кен ісі менеджменті» МВА , Мәскеу болат және қорытпалар институты ҰЗТУ (2017 жыл) дипломдары бар.

Кәсіби қызметі: 2001 жылдан бастап– прокурордың аға көмекшісі, Жетісу көлік прокуратурасы.

2004 жылдан бастап – «Қазақтелеком» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары – шарттық-құқықтық бөлімінің бастығы.

2006 жылдан бастап – ҚР АӨҚО қызметін реттеу агенттігінің Әкімшілік-қаржы департаментінің ұйымдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2007 жылдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Заң басқармасының жетекші маманы. 2010 жылдан бастап – Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы – бас менеджер. 2011 жылдан бастап – Бас директордың жабдықтау жөніндегі орынбасары. 2012 жылдан бастап – Бас директордың Бірінші орынбасары. 2014 жылдан бастап – Басқарма Төрағасы – Бас директор. 2015 жылдан бастап – Бас директордың Бірінші орынбасары.

2016 жылдан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қаратау» ЖШС Бас директоры.

2018 жылғы сәуірден бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өңдеу» дивизионының басқарушы директоры.

– 2018 жылғы сәуірден бастап – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Қазақстан Ядролық қоғамының Құрмет грамоталарымен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 20 жылдығына орай мерейтойлық белгісімен наградталған.

Басқа ұйымдардың ДК жұмысы және мүшелілігі: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ДК Жалғыз акционерінің өкілі.

Компания акцияларына иелілігі: жоқ

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялар саны және үлесі: жоқ