Кадр саясаты

Кадр саясатының мақсаты – Қоғамның қажеттілігіне, қолданыстағы заңнама мен еңбек нарығы жағдайының талаптарына сәйкес персоналдың сандық және сапалық құрамын жаңарту мен сақтау процестерінің оңтайлы теңгерімін, оның дамуын қамтамасыз ету.

Персоналды тиімді басқару принциптері:

1. Персоналға ұзақ мерзімді инвестиция, жалпы корпоративтік ресурс ретінде қарау – персоналды басқару саласындағы іс-шара шығындары өндірістік қызметтің нәтижесімен қайтарылуы тиіс

2. Өзінің міндеттемелерін орындағаны және қызметінің нәтижесі үшін жұмыскерлер мен Қоғамның өзара жауапкершілігі – барынша экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз ете алатын персоналды басқару саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді қолдану

3.  Кадрларды олардың кәсіби және тұлғалық қасиеттері бойынша іріктеу және орналастыру – адами ресурстардың сандық-сапалық көрсеткіштерін көрсететін арнайы әзірленген нысандар бойынша деректерді жүйелі жинауды болжайтын бизнес-бағыттарға бағдарлану

4. Персоналдың қызметін жүйелі түрде бағалау – Қоғамдағы адами ресурстардың сапасын және Қоғамның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып олардың лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдау

5. Көтермелеу мен шара қолдану туралы шешімдерді қабылдаудағы жылдамдық пен жариялық – адалдықты арттыруға және персоналдың тұрақтамауын төмендету үшін кешенді тәсілдерді әзірлеу, корпоративтік мәдениетті дамыту

6. Кадр саясатын іске асыру аясында қабылданатын шешімдердің сабақтастығы – білімнің, тәжірибе мен дәстүрдің сабақтастығы, жұмыскерлерді дамытуға және оқытуға екпін жасау

Кадр саясатының түйінді бағыттары:

  • Персоналдың тиімді жұмыспен қамтылуы
  • Корпоративтік мәдениетті жетілдіру
  • Персоналды оқыту және дамыту
  • Персоналды бағалау және ынталандыру

Персоналды кәсіби дамыту

Дарындарды басқару