Отырыстар

2020 жылғы 5 маусымда «Taý-Ken Samurýk» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде күн тәртібінің 3 мәселесі қарастырылды:

1. Қарағанды облысындағы Берқара және Самомбет кен орындарын барлауға лицензия алу.

2. «Taý-Ken Samurýk» ҰТК» АҚ мен Scandivanadium Ltd арасында Term-sheet қол қоюды мақұлдау және жер қойнауын пайдалануға лицензиялар алуды мақұлдау туралы.

3. Ақтөбе облысының Құндызды және Бершоғыр кен аудандарында лицензиялар алу туралы.

2020 жылғы 20 сәуірде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің іштей отырысы өтті, оның шеңберінде отырыстың күн тәртібінің 16 мәселесі қаралды:

  1. 2019 жылдың 12 айында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2019-2023 жылдарға арналған бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есепті қарау.
  2. «KazzincHoldings» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша «KazzincHoldings» ЖШС қатысушысы ретіндегі «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ұстанымын айқындау туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібі және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің 2019 жылғы мөлшері туралы.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «SH Minerals» ЖШС ынтымақтастығы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы геологиялық барлау жобасы (LFP) жөніндегі тұжырымдаманы мақұлдау туралы.
  5. Зырян қорғасын комбинаты «Старое» қалдыққоймасының ТМЖ жобасының (LFPЖоба) негізгі параметрлерін және «Eurasian minerals trade» ЖШС-мен ынтымақтастық шарттарын түзетуді мақұлдау туралы.
  6.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы Д.К. Юсупованың өкілеттігін тоқтату туралы
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ контрагент банктеріне баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша лимиттерді белгілеу қағидаларының жаңа редакциясын бекіту туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ кредиттік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы.
  9.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ COVID-19 коронавирусымен байланысты тәуекелдердің шоғырландырылған тіркелімін бекіту туралы
  10. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2019 жылғы 4‑тоқсандағы қызметі туралы есепті қарау.
  11. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2020 жылға арналған ҚНК бекіту туралы.
  12. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің құрамына сарапшыларды сайлау туралы.
  13. «Алайғыр» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
  14. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымының сипаттамасын және лауазымын (грейдін) бағалауды және лауазымдық жалақысының схемасын бекіту туралы.
  15. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының сандық құрамын айқындау туралы.
  16. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелері лауазымдарының сипаттамасын, лауазымдарының (грейдтерінің) бағалауын бекіту туралы.

2020 жылғы 12 наурызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің іштей отырысы өтті, оның шеңберінде отырыстың күн тәртібінің 28 мәселесі қаралды:

  1. СЕО тұрақты есебін қарау туралы.
  2. 2019 жылдың 12 айы үшін СFО тұрақты есебін қарау.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту және оны Жалғыз акционердің қарауына шығару және бекіту.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2019 жылғы тәуекелдер бойынша есебін бекіту туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2020 жылға арналған тәуекел-тәбетін бекіту туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды өзектілендіру туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының 2019 жылғы 4-тоқсандағы қызметі туралы есепті және қызметін бағалау туралы есепті қарау.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының 2019 жылғы қызметі туралы есепті және қызметін бағалау туралы есепті қарау.
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ контрагенттерін комплаенс-тексеру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы.
  10. Басқарма мүшелері үшін қызметтің уәждемелік негізгі көрсеткіштерін және олардың 2020 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту туралы.
  11. «Масальский ГОК» ЖШС және «Silicon Mining» ЖШС Байқаушы кеңестерінің құрамын өзгерту туралы.
  12. «Северный Катпар»  ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамын өзгерту туралы 
  13. «Северный Катпар» ЖШС Бас директоры туралы.
  14. «Silicon mining» ЖШС директорын сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  15. «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын ұлғайту және жаңа мүшелерін сайлау туралы
  16. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ компаниялар тобының таланттарын басқару қағидаларын бекіту туралы.
  17. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ кадр саясатын іске асыру жөніндегі 2019 жылғы есепті қарау туралы.
  18. Корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттік мерзімін белгілеу, сондай-ақ Корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау туралы.
  19. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  20. «Казахстан Фортескью» ЖШС-мен ынтымақтастық шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ҚТҚ барлауға 47 лицензия алу туралы.
  21. «Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнында полиметалл кендерін өндіру және өңдеу» жобасының негізгі параметрлерін түзетулерін мақұлдау туралы.
  22. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ қызметкерлерінің жалпы штат санын және ұйымдық құрылымын бекіту туралы.
  23. «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының және «Қазмырыш» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушысы ретіндегі «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ұстанымын айқындау туралы.
  24. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ақпаратты ашу процестерінің ашықтығы мен тиімділігі жөніндегі 2019 жылғы II-жартыжылдықтағы есепті қарау.
  25. «Tau-Ken Mining» ЖШС Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
  26. «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
  27. «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
  28. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен Xiamen Tungsten Co.Ltd арасындағы 2018 жылғы 22 қарашадағы мәміленің негізгі шарттары туралы келісімді (Term Sheet) бұзу туралы.

2017 ж. шешімдері

2016 ж. шешімдері

2015 ж. шешімдері

2014 ж. шешімдері

2013 ж. шешімдері