​Канада Қазақстаннан металл кремнийін енгізуге баж салығын салуды жоспарлап отырған жоқ

Бұл жөнінде осы елдің Халықаралық сауда министрі Франсуа-Филипп Шампань Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі барысында мәлімдеді.

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-кен Компаниясының өкілдері маусымның 8-нен 13 аралығында Оттавада өткен 3-ші Қазақстан-Канада іскерлік кеңесіне қатысты.

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық Тау-кен Компаниясының еншілес кәсіпорны «Тау-Кен Темір» ЖШС техникалық кремнийді өндіретін ҚР аумағындағы жалғыз және ЕАЭО аумағында екі өндірушінің бір болып табылады. 2018 жылы кәсіпорын кремнийді өндіруді 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе арттыруды жоспарлап отыр (2015 жыл – 11 000 тонна, 2018 жыл – 20 500 тонна).

Тау-кен өнеркәсібі жөніндегі тақырыптық отырыста «Тау-Кен Самұрық» жетекші инвестициялық жобаларының тұсауын кесті, әлеуетті әріптестермен және инвесторлармен кездесулер өткізілді. Олардың қатарында Cameco Corporation — әлемдегі ең ірі уран өндіруші, канадалық тау-кен компаниясы, Uranium One — әртараптандырылған халықаралық активтер портфелі Росатом халықаралық тау-кен дивизионы, оның ішінде Қазақстанда, Құрама Штаттарында, Танзанияда және басқа мемлекеттерде, CISN Shipping group, CISN Commonwealth Independent States Navigation inc, Gurnitski & Associates бар.

Канаданың іскер топтарының өкілдері 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылатын қазақстандық тау-кен активтерін сатып алуға қызығушылық танытты.

Солтүстік америкалық нарық Қазақстанға тек стратегиялық инвестицияны тарту тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге металлургиялық өнімді, оның ішінде металлургиялық кремнийді тасымалдау географиясын кеңейтумен де қызықты.

Анықтама үшін:2017 жылдың 20 қаңтарында Канаданың өкілетті органдары Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Бразилия Республикасының, Лаосс Халық-Демократиялық Республикасының, Малайзияның, Норвегия корольдігінің және Тайланд корольдігінің елшіліктеріне канадалық арызданушының шағымы негізінде демпингке қарсы тексерістер басталғанын хабардар етті.

2017 жылдың 2 қарашасы күні CITT (Канада халықаралық сауда трибуналы) Импорттың арнайы шаралары туралы заңның 43-бабының 1 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасынан, Бразилия Республикасынан, Лаосс Халық-Демократиялық Республикасынан, Малайзиядан, Норвегия корольдігінен және Тайланд корольдігінен шығатын жоғарыда аталған тауарлардың демпингі және/немесе оларды субсидиялау Канада аумағында отандық өнеркәсіпке зиянын тигізген жоқ және зиян тигізу қаупі жоқ деп анықтады.

2017 жылдың 03 желтоқсанында Ferroglobe компаниясы CITT шешімі бойынша апелляция берді, ол қайта тергеуді 12 айға ұзартуы мүмкін.

2018 жылы ақпанда Аппеляциялық шағым Канада аумағында қайтарып алынды.