Н.Н. Дүтбаевтың «Тау-Кен Самұрық» АҚ Тәуелсіз директоры өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы туралы

«Тау-Кен Самұрық» АҚ, ҚР 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 55-бабы 4-тармағына (2014 жылғы 10 маусымдағы өзгерістер мен толықтыруларға) сәйкес, өзінің қалауы бойынша оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарламасы келіп түсуіне байланысты, Нартай Нұртайұлы Дүтбаевтың «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің Тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы хабарлайды.