Ниет хаттамасы

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы China International Energy Holding Co., Ltd. компаниясымен ниет туралы хаттамаға қол қойды. Қытай жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық жобаларға қатысуға мүдделі, атап айтқанда бұл арада сөз темір, мыс және хромды өндіру туралы болып отыр. Біздің еліміз үшін жердің терең қойнауында жатқан сапалы шикізатты өндіру мен геологиялық барлауды дамытатын стратегиялық инвесторларды тартқан маңызды. Қытай бүгінгі күні Қазақстан экономикасына негізгі инвесторлардың бірі болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемі 17 млрд. АҚШ долларына жетеді.