«Qatar Mining» Қазақстанға инвестиция салғысы келеді

Қазақстанға «Qatar Mining» компаниясының Басқарма төрағасы Халед Ахмад Аль-Обайдли бастаған делегация келді. Сапар мақсаты – қазақстандық әріптестермен іскерлік байланыс орнату және бірге іске асыру мүмкіндігі бар жобаларды қарастыру.

Қатардан келген қонақтардың Нұр-Сұлтанда мемлекеттік органдар мен ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» компаниясының тобына, олардың IPO-ға шығуы жарияланғаны және активтерін жекешелендіруін ескере отырып, инвесторлардың барынша қызығушылықтарын туғызды.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының кеңсесінде әлеуетті инвесторлармен кездесуді Қанат Құдайберген өткізді. Ол тау-кен секторындағы ұлттық оператор қызметінің перспективалы бағыттарымен таныстырды, елдегі қолайлы инвестициялық климатты ерекше атап өтіп, бизнесті бірге жүргізу мүмкіндіктері туралы айтты.


Қатардан келген қонақтар қазіргі таңда «Тау-кен Самұрық» іске асырып отырған бірқатар жобаларға, атап айтқанда, мыс пен алтын өндіруге байланысты
жобаларға қызығушылық танытты. «Qatar Mining» компаниясының өкілдері барлаудан бастап өндіруге дейінгі әртүрлі кезеңдегі жобаларға инвестиция салуға дайындықтарын атап өтті.

«Тау-Кен Алтын» зауытымен таныстыру барысында ынтымақтастық жасау, атап айтқанда, аффинаж зауытына шикізат жеткізу мүмкіндігі талқыланды.

«Qatar Mining» – толықтай мемлекетке тиесілі катар тау-кен өндіру компаниясы. Әлемнің түрлі елдерінің тау-кен өндіру және металлургия салаларына нысаналы бағытталған инвестицияларды жүзеге асыру үшін 2010 жылы негізін қалаған (Қатарда қатты пайдалы қазбалар кен орыны жоқ). «Qatar Mining» басшылығы орталық азия өңірі мен Ресейде инвестициялық қызметін одан әрі кеңейту үшін Қазақстан олар үшін қайталанбас «штаб-пәтер» бола алады деген пікірлерін білдірді.