Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы еңбекті және денсаулықты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуын сөзсіз ұстанады. Біздің мақсатымыз – өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, таңдаулы салалық стандарттарға сәйкестігі. Біз өзіміздің серіктестерімізден өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды ашық түрде талап етеміз.

Біздің басымдықтар:

  • Өндірістік тәуекелдерді басқару, қауіпті және зиянды факторларды уақтылы анықтау және нивелирлеу
  • Адамдар мен экологияға теріс әсерін тигізуге қабілетті технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу және апатсыз жұмыс, қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету
  • Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау бойынша жұмысқа қызметкерлер мен серіктестерді белсенді тарту
  • Таңдаулы әлемдік практикаларды мониторингілеу, талдау және енгізу жолымен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау әдістері мен құралдарын үздіксіз жақсарту
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология мәселелері бойынша еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау регламентіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласында еншілес ұйымдардың қызметіне тұрақты бақылау мен мониторингті жүргізуде. Қоғам Басқармасының мүшелеріне негізгі көрсеткіштер бойынша есеп тоқсан сайын ұсынылуда. Бұдан басқа, Қоғамда еншілес ұйымдардың қызметін еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнамаға және табиғатты қорғау заңнамасына сәйкестігіне тексеру өткізіліп тұрады. Тексеру қорытындылары бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін түзету іс-шараларының жоспарлары әзірленіп жатыр және жоғарыда көрсетілген жоспарлардың орындалуын бақылау жүргізілуде.

Қоғам биыл еншілес ұйымдардың ЕҚ, ӨҚ және экология мамандарымен бірлесіп бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласында негізгі рәсімдерді әзірледі. Қазіргі кезде еншілес ұйымдар осы рәсімдерді бекітуде және енгізуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы корпоративтік рәсімдердің тізбесі:

1.Қауіптерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару

2.Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарына қойылатын жалпы талаптар

3.Биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары

4.Тұйықталған кеңістіктерде жұмыс істеу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары

5.Жоғарылатылған және төмендетілген температуралар жағдайында жұмыс істеген кезде жалпы қауіпсіздік талаптары

6.От жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік талаптары

7. Күшті әсері бар улы заттармен жұмыс істеу кезінде жалпы қауіпсіздік талаптары

8.Қолмен құралмен жұмыс істеу кезінде жалпы қауіпсіздік талаптары

9.Денсаулық сақтау орнын табельдік жарақтандыруға қойылатын жалпы талаптар

10. Зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету. Парамедиктерге қойылатын талаптар

11.Жерасты қазбаларында жұмыстарды жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік талаптары

12.Тау-кен қазбаларындағы өздігінен жүретін көлік құралдарын пайдалануға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

13.Жарылғыш материалдарды есепке алу, сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар

14.Көлікте жалпы қауіпсіздік талаптары

15.Электр қауіпсіздігі

16.Тетіктердің қорғаныс қоршауларына қойылатын жалпы талаптар

17.Энергия көздерін оқшаулауға қойылатын жалпы талаптар

18.Бекітетін, бұғаттайтын құрылғыларды қолдануға қойылатын жалпы талаптар

19.Оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу

20.Жалпы рәсімдер 1. Мердігер ұйымдармен жұмыс

21.Жалпы рәсімдер 2. Әкімшілік-шаруашылық бөлім

22.Жалпы рәсімдер 3. Авариялық жағдайларды болдырмау және жою (өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология)

23. Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және басқару

24. Төгінділерді болдырмау және жою

25.Өндіру және тұтыну қалдықтарымен, оның ішінде металл сынығымен айналысу.

26.Химиялық материалдарды және шикізатты басқару

27.Көліктің және тетіктердің жағдайын экологиялық бақылау.

28.Құрамында және озонды бұзатын заттары бар ПХД басқару

Өндірістік жарақаттану статистикасы

Комитеттің отырыстарында HSE менеджменті жүйелерінің ағымдағы жай-күйі және портфельді компаниялардағы қазіргі бар проблемалық мәселелер талқылануда. Аталған Комитет Қордың бірыңғай алаңында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша ағымдағы проблемаларды шешуге және озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компаниялар үшін HSE саласындағы менеджмент жүйесін жетілдіру жөніндегі синергетикалық жобасын іске асыру мақсатында «Өндірістік қауіпсіздікті басқару» референстік моделі шеңберінде Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет (бұдан әрі – Комитет) құрылды. Комитетке «Самұрық-Қазына» АҚ барлық портфельді компаниялары кірді. Комитеттің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры А.М. Сәтқалиев тағайындалды.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты