Қазақстан алтыны отандық кәсіпорындарда тазартылатын болады

Индустрияландыру картасы бойынша астанада аффинаж зауытын іске қосуға дайындалуда. Қазіргі уақытта соңғы дайындықтар жүргізілуде. Алдыңғы қатарлы итальяндық технологиялар, аса жоғары дәрежедегі таза алтын шығаруға мүмкіндік береді. Зауыттың қуаты жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күмісті құрайды. Алғашқы екі жылда өнім тек қана Ұлттық Банкке сатылатын болады. Жоба, еліміздегі жылдық алтын өндірісін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік жоспардың бөлігі болып табылады.
Мейрам ТІЛЕУЖАНОВ, «ТАУ КЕН АЛТЫН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
– Қазақстан өткен жылы шетелде 25 тонна алтынды тазартты және осы 25 тоннаны 14-жылдан бастап және одан әрі қарай бізтазартамыз деген ниетім бар.Бұл шикізат жеткізушілерге аса пайдалы, өйткені ұшақпен ұшудан, қосымша сақтандырулардан және кеден бажынан арылады.