Қазақстандық Шоқпар және Гагаринское кен орындарында 21 тоннадан астам алтын және 135 тонна күміс бар. Қор Мемлекеттік балансқа қойылған

«Шоқпар-Гагаринское» ЖШС («Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) мамандары Жамбыл облысында орналасқан кен орындарында өнеркәсіптік сапасы мен қор есебін бекіте отырып, геологиялық барлау жұмыстарының бағалау кезеңдерін аяқтады.

ҚР Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімімен Гагаринское кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша – 2257,4 мың тонна кен, орташа құрамы 4,48 ж/т алтын – 10 104,3 кг, орташа құрамы 37,31 ж/т күміс – 84,2 тонна мөлшерде бекітілді.

Шоқпар кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша –1554,1 мың тонна кен, орташа құрамы 7,05 ж/т алтын – 10 952,9 кг, орташа құрамы 33,14 ж/т күміс – 51,5 тонна мөлшерде бекітілді.

Осылайша, «Taý-Ken Samuryq» ұлттық компаниясы Шоқпар-Гагаринское кен орындарын игеру бойынша жобаның геологиялық барлау кезеңінің табысты аяқталуын мәлімдеп отыр, қазіргі уақытта өңдеу жұмыстарын жүргізуге лицензия алу күтілуде.

Жобаның келесі кезеңдерін іске асыру үшін «Taý-Ken Samuryq» стратегиялық әріптестер тартуға мүдделі.

Гагаринское кен орыны Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматыдан батысқа қарай шамамен 200 шақырымда және Отар т/ж станциясынан 60 шақырымда орналасқан.Учаскеден Алматы-Бішкек автотрассасына дейін қатты жабын төселген жол 17 шақырым; дала бойынша – 8 шақырым. Жақын орналасқан т/ж станциясы Бірлік кен орынынан 35 шақырымда орналасқан. Жоғары вольтты ЭЖЖ Бірлік кентінде аяқталады, төмен вольтты ЭЖЖ учаскеден 8 шақырымдық қашықтықта өтеді.

Шоқпар кен орыны Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағында Гагаринское кен орынынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Алматы – Бішкек автомагистарына шығатын асфальтталған автожол кен орынынан 5 шақырым қашықта өтеді. Шу және Отар теміржол станцияларына өткел бар. Кен орнынан 10 шақырым қашықтықта кен орынына тармақталған жоғары вольтты электр беру желісі өтеді.