​«РЕСЕЙ ЖӘНЕ ТМД МЕТАЛДАРЫ» 18-САММИТ

2013 жылғы ақпанның 12 – 14 аралығында Мәскеу қаласындағы «Ресей және ТМД металдары» 18-самитке «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Тау-Кен Алтын» ЖШС өкілдері қатысты. Форум жұмысы мен панелдік талқылау шеңберінде, алдыңғы қатарлы тау-байыту және металлургия компанияларының, сондай-ақ Thomson Reuters GFMS, Auriant Mining, КОКС Группа, McKinsey, Norton Rose, Металл Эксперт Консалтинг, Северсталь, НЛМК, ЦНИИЧЕРМЕТ им. И.П.Бардина, НИТУ МИСиС, Ivanplats т.б. сияқты әлемдік инжинирингтік және консалтингтік фирмалардың басшыларымен және мамандарымен бірлескен кездеулер мен пікір алмасулар өткізілді. Саммиттің бірінші күні «Ресей және ТМД құнды бағалы металдары» бойынша, 4-сессияның «Орташа және балаң деңгейдегі кәсіпорындардың жобалары туралы өзекті ақпараттар» шеңберінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС директорының м.а. М.Ш.Тілеужанов «Қазақстан Республикасындағы аффинаж зауытының құрылысы» тақырыбындағы баяндаманы ұсынды, онда болашақ зауыттың негізгі параметрлері туралы айтып өтті.

Конференцияның екінші күні 1-сессияның «Ғаламдық экономика және оның Ресей және ТМД қара металдар индустриясына әсері» шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Қ.С.Ізбасханов компанияның Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласындағы мүмкіндіктері туралы және саланы дамытудың, шикізат өндіруден бастап, қосымша құны аса жоғары метал және метал өнімдерін өндіруге дейінгі тұтастай болашағы туралы айтып берді.