Республикалық бағалы металлдар өндірушілерінің қауымдастығы EY консалтингтік компаниясымен бірлесіп алтын кен орындарын геологиялық барлауға, кендерді өндіруге жəне кейіннен қосылған құны жоғары алтын құрамдас өнімдер өндіруге инвестицияларды ынталандыру мақсатында фискальдық өзгерістер тұжырымдамасын дайындау жұмысын бастады.

Саланың ел экономикасына əсерін бағалай отырып, ауқымды зерттеу жүргізу, əлеуетті «өсу нүктелерін» анықтау жəне үкіметке табысты халықаралық тәжірибені ескере отырып, қорытынды ұсынымдар ұсыну көзделіп отыр. Сонымен қатар, осы талдамалық зерттеу нәтижелері қызметі алтын өндірісіне байланысты барлық компаниялар үшін пайдалы болады.