«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасында ​«Тау-Кен Самұрық» АҚ даму стратегиясының тұсауы кесілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ ү.ж. 27 қарашада бекітілген «Тау-Кен Самұрық» АҚ Даму стратегиясының тұсауын кесті.
Яғни, Стратегияға сәйкес, ұлттық компания бес негізгі дивизионды дамытатын болады, олар: мыс және қорғасын-мырыш, темір-марганец және алтын кені, сондай-ақ сирек және сирек жер металдары жөніндегі дивизион.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Қ.Ә.Бектеміровтың түсіндіруі бойынша, «Өндірістік қуаттарды тиімді аумақтық орналастыруға және топ ішінде тұтастыруға қол жеткізе отырып, «Тау-Кен Самұрық» АҚтобы активін тиімді корпоративтік басқару және интеграциялау» басымдық ретінде ұсынылды.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығын тыңдау барысында, сондай-ақ аффинаж зауытының құрылысы және басқа да инвестициялық жобаларды іске сыру барысы туралы баяндалды. Яғни, аффинаж зауытын іске қосу 2013 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов 9 айдың қорытындысы бойынша қаржылық, өндірістік, әлеуметтік және стратегиялық көрсеткіштерді ұсынды. Тұтастай алғанда, ROACE көрсеткіштерінің оң динамикасы мен компания шығындарының қысқарғаны атап өтілді.
«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларды тыңдау жөніндегі жаңа практикасы, басшылықтың айтуы бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ акционер және «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіндегі өкілі» ретіндегі функциясыншектеуге мүмкіндік беретінін еске саламыз.

Аталған бастамаға сәйкес, тыңдау барысында «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы алдында есеп беретін тарап жағында болады.