​«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы ІІ Спартакиада туралы

2014 жылғы 20-21 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы қызметкерлері арасындағы ІІ Спартакиадаболып өтті, ол 2013 жылы басталған спорттық дәстүрдің жалғасы болатын. Осы екі күн ішінде, мини-футбол, волейбол, стол теннисі, шахмат және армрестлинг бойынша сайыстар өткен спорт кешенінде достық пен ізгілік салтанат құрды. Қатысушы командалар басты жүлде – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының Кубогы үшін сайысқа түсті. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы қызметкерлері арасындағыбасты іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Естайұлы Шөкеев сөз сөйледі.«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеев, өзінің құттықтау сөзінде спорттың біздің әрқайсымыздағы ең үздік сапаға – мақсаткерлікке, табандылыққа, командамен жұмыс істей білуге тәрбиелейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол, қатысушыларға жоғары жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.

b986beccb07b83b73139e2d71be99c53.JPG

Спорт мерекесін атақты спортшы-қонақтар Владимир Смирновтың, Ильи Ильиннің, Сәбина Алтынбекованың және ЖансаяӘбдімәліктің қатысуы әрлендіре түсті. Олар жарысқа қатысушылармен шеберлік сабақтар өткізді.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ командасы жарыстардың барлық төрт түрі бойынша қатысты, Е.Б.Орынбаев ерлер арасында, Ж.Т.Темірбекова әйелдер арасында –теннистен, Е.Қ.Әлімжанов, А.Т.Иманов ерлер арасында, К.М.Арзықұлова, Ф.Н.Тілеубердиева әйелдер арасында армрестлингтен, Г.К.Әбдірахманова әйелдер арасында шахматтан қатысты. Волейбол командасының құрамына Д.С.Көпеева, А.Сәлімов, Қ.Б.Құспекова, А.А.Шәменов және басқалар енді.

b3a3f897da02fba627a9884c318ba94d.JPG

Ерлер арасындағы жеке біріншілікте шахмат жарысы бойынша КДМСДҚ менеджері Рауан Бауыржанұлы Манкеев жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Жеңімпазға жұмыста табыстар және жоғары спорт алаңдарында одан әрі жеңістер тілейміз.

05c0208b70f6cbccb76a13af8c0dddc2.JPG

Мини-футболдан команда құрамында С.А.Айтышев, Е.Б.Орынбаев, Б.Ү.Әбілдинов, Б.М.Интепеков, Д.Н.Тайжан, Е.Б.Садырбаев, Д.Р.Омаров, А.Ш.Асқаров, Е.С.Қаблақатов ойнады. Біздің команданың жеңіске құштарлығын атап айтқымыз келеді, әсіресе «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ойыншыларымен болған футбол жарысында кезінде команда табандылық пен қайсарлық танытты. Жарыстардың барлық кезеңінде жанкүйерлер командасы үнемі қол шапалақтап, ойыншыларға қызу қолдау көрсетті.

Спартакиада бағдарламасында, әртүрлі мақсатты аудиторияның, оның ішінде командалар жанкүйерлерінің, компания қызметкерлерінің туысқандары мен жақындарының мүдделері ескерілді.

Жанкүйерлер арасында компанияның үздік логотипіне және спорттық эстафетаға арналған суреттер конкурсы өткізілді. Ұсынылған жұмыстар арасынан бірінші орынды Ф.Н.Тлеубердиеваның суреті бірінші орынды жеңіп алды. Команданың белсенді жанкүйері Феруза Нұрәділқызы Тілеубердиеваны ұжым атынан шын жүректен құттықтай отырып, апдал жанкүйерге барлық жақсылықтар тілейміз.

Көңіл көтеретін аттракционда орналасқан балалар алаңқайы ғимаратында компания қызметкерлерінің балалары, туғандары мен жақындары сиқыршы бағдарламасын, әртүрлі шоу-бағдарламаларды тамашалады. Мұның сыртынды, «Пираттар», «Миньондар», «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ойындарына қатысты, оны арнайы шақырылған аниматорлар өткізді. Екі күн бойы теннис пен армрестлинг жөніндегі зал ішін балалар күлкісі мен шаттығы ажарландыра түсті.

ІІ Спартакиада қорытындысы бойынша командалық жүлделі орындар былайша бөлінді: 1-орын «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, 2-орын – «ҚазАтомӨнеркәсібі» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ, 3-орын – «Самұрық-Энерго» АҚ.

Спартакиадаға қатысушылардың барлығына, жанкүйерлерге, спорт мерекесіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысқандардың баршасына алғыс айтамыз. «Тау-Кен Самұрық», әрдайым осындай қалыпта бол! Біздің күшіміз бірлікте!

8ce635788e25e4985d7e9ba60b49d6c6.JPG