​»Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Қарағанды қаласындағы «Tau-Ken Temir» ЖШС металлургиялық кремний өндіретін зауытқа барды.

Зауыт басшылығы Ұлттық əл-ауқат қорының басшысына кәсіпорынды сауықтыру үшін қабылданған шаралар кешені туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта зауыт қызметкерлері техникалық қиындықтарды еңсеріп, жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде.

Ахметжан Есімов бар назарды табыстылық мәселесіне бөле отырып, өндірістік жоспарды мүлтіксіз орындауды тапсырды. Бұдан басқа, өндірістік процесстерге цифрлық технологияларды барынша белсенді түрде енгізу міндеті қойылды.
«Tau-Ken Temir» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» ЖШС-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады.