«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ 100% акциялар пакеті «Тау-Кен Самұрық» АҚ пайдасына берілді.

2014 жылғы 11 шілдеде «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ 100% акциялар пакетін «Тау-Кен Самұрық» АҚ пайдасына қайта тіркеу жүргізілді.

«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ акцияларын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуы және «Тау-Кен Самұрық» АҚ берілуі, қорғасын-мырыш кен орнын іске қосу есебінен тау-металлургия саласын дамытуға бағытталған. Осы жобаның арқасында «Тау-Кен Самұрық» АҚ өзінің шикізат базасын кеңейтеді және Қазақстан, Орталық Азия және Ресей аумағындағы жетекші тау-байыту компанияларының біріне айнала алады.

Жобаны іске асырудағы «Тау-Кен Самұрық» АҚ негізгі басымдығы, қиын байытылатын және күрделі кенді өнеркәсіптік өндіру мен қайта өңдеу саласында тиімділігі жоғары және инновациялық технологияларды енгізу есебінен жаңа қуатты іске қосу болып табылады, бұл, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруді жолға қоюға, Қызылорда облысында жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік жасайды.

Аталған жобаның ұлттық тау-кен компаниясына кіруі, аса ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ өнеркәсіптің геологиялық барлау, тау-байыту және қайта өңдеу салаларында біліктілігі жоғары ұлттық мамандардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ инвестициялық жобалар портфеліндегі жаңа сатып алынған активтер, еліміздің тау-металлургия саласындағы ұлттық көшбасшыны құру жолындағы старт алаңына айналады.

«Шалқия» жобасын іске асыру барысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, жобалық институттар мен компанияларды тарта отырып, осы заманға кенішті құруды және қуаты жылына 4 млн. т. Дейін руданы қайта өңдейтін жаңа байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр.

Жоба туралы ақпараттар:

Қорғасын-мырыш рудалы «Шалқия» кен орны, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы орталығынан 20 км жерде, Орталық Азия, Ресей және Қазақстанның мырыш пен қорғасында тұтынатын ірі нарығына тікелей жақын орналасқан.

Кен орнының құнын анықтайтын негізгі пайдалы компоненттері мырыш, қорғасын және ілесе кездесетін сирек металдар болып табылады.

BrookHunt компаниясының зерттеу деректері бойынша, 2006 жылғы қарашадағы есептеме қорытындысына сәйкес, «Шалқия» кен орны мысының жалпы запасы, Қазақстанның барлық запасының 30% астамын құрайды.

«Шалқия» кен орны 1963 жылы ашылды және әлемдегі ірі қорғасын-мырыш кен орындарының бірі болып табылады, запасы бойынша әлемде 7-орын алады. «Шалқия» кен орнының метал запасы JORC жіктеуі бойынша есептелді (Қазақстанның запас жөніндегі мемлекеттік комитетінің халықаралық аналогы) және мырыш бойынша – 6,5 млн. т, қоғасын бойынша – 1,7 млн. т. құрайды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ өндірістік қызметінің маңызды басымдығы адамдардың денсаулығы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтау болып табылады.