«Silicon mining» ЖШС

«Silicon mining» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 2008 жылғы 22 желтоқсанда құрылды.

2016 жылғы 9 желтоқсанда «Таý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-дан «Silicon mining» ЖШС-ның 90,1% үлесін сатып алды.

2018 жылғы 6 наурызда «Silicon mining» ЖШС-ның «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ жарғылық капиталындағы 9,9% қатысу үлесін «Таý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ сатып алуына байланысты Қарағанды қаласының әділет органдарында қайта тіркеуі жүзеге асырылды. Сол уақыттан бастап «Таý-Ken Samuryq» ұлттық тау-кен компаниясы -«Silicon mining» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы.

«Silicon mining» ЖШС-ның негізгі қызметі қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру болып табылады.

«Таý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 12 наурыздағы шешімімен 2020 жылғы 12 наурыздан бастап «Silicon mining» ЖШС Бас директоры лауазымына Эльмира Кенжебекова тағайындалды.

Байланыс деректері: M06F3A4, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Бұхар жырау даңғылы, 49/6 құрылыс, 804 кеңсе.

+7 (7212) 99 67 64,  info@tks.kz