Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

«Taý-Ken Samuryq» Ұлттық тау-кен компаниясында жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына басым түрде көңіл бөлінеді. «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиеваның қатысуымен онлайн-семинар өтті. Жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілі «Taý-Ken Samuryq» қызметкерлеріне заңнамалық актілердегі жаңалықтарды түсіндіріп өтті. Одан әрі ұжымда жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» мәдениеттің қалыптасуы – бірінші басшылардың жауапты міндеті екенін баса айтып өтті. Сонымен қатар семинарда 2020 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің Жолдауының негізгі аспектілері талқыланды. «Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицері Әлия Жаппарова осындай оқыту іс-шараларын тұрақты түрде жүргізілетінін және осы бағыттағы жұмыс жалғасатының хабарлады.