Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және жою жөніндегі жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

2018 жылғы 27 қыркүйекте «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы, Этика жөніндегі кеңес төрағасы, «Астана – адалдық алаңы» жобасының басшысы Жазира Жылқышиевамен кездесу ұйымдастырылды.

629538000d39b19ddab93bebe023a4d7.jpg

0e6d1c88858cd7a01213ff949149fce5.jpg

Жазира Жылқышиева Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама өгерістері туралы айтты, сондай-ақ, Этика кодексінің жекелеген ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Агенттікте Call-орталығы бар және ҚР кез келген азаматы 1424 номері бойынша сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлай алады.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплеанс қызметінің жауапкершілік аясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (сыртқы және ішкі) талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу, іскерлік этика нормаларының сақталуын бақылау және т.б. жатады.