Тау-кен саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен Kghm «Polska Mieldz»компаниясы арасында құпиялық туралы келісім жасалды

2012 жылғы 12 қаңтардатау-кен саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен Kghm «Polska Mieldz»компаниясы арасында құпиялық туралы келісім жасалды. Тараптар Қазақстан Республикасы аумағындағы мыс кен орындарын бірлескен геологиялық барлау және әзірлемелер мәселесін пысықтай түсуде. KGHM «Polska Mieldz» бірнеше жер қойнауын пайдалану объектілеріне қызығушылық танытты. Қоғам польшалық делегаттардың кен орнында болуын ұйымдастырды.