«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Балаларға өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Іс-шара аясында Компания қызметкерлері жиналған қаражатты Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының (АБҰҒО) кішкентай науқас балаларының емделуі мен оларға қажетті техникалар сатып алуына жұмсады.

Қайырымдылық қаражаттың жартысы реанимацияға мұқтаж шала туған сәбилердің еміне жолданды. Олар үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құралдар сатып алынды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ стретагия және бизнестің трансформациясы жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Д. КаримніңАБҰҒО басшылығы және қызметкерлерімен кездесу сәті

Ал онкологиялық сырқаты бар балаларға 6 дана теледидар мен 4 wi-fi роутері сыйға тартылды. Орталық дәрігерлері мен кішкентай науқастардың ата-аналарының айтуынша, емдеу кезеңінде сырқаттанушылар медициналық мекеменің ғимаратынан шықпай, айлап ем қабылдайды. Олардың кейбірі өз палаталарында 6-8 айға дейін жатады.

Бекбай Хайрулин –АБҰҒО Басқарма төрағасы

Бұл – шынында да, біздің балалар үшін, әсіресе жарты жыл бойы төсек тартып жататын бүлдіршіндер үшін үлкен және жағымды сыйлық. Енді олар теледидар мен интернеттің көмегімен өздерінің сүйікті мультфильмдері мен танымдық бағдарламаларын көріп, қызықты ойындар ойнап, онлайн жүйесінде аудио кітаптарды тыңдай алады.

Балауса Елемесова – 7 жасар науқастың анасы

«Тау-Кен Самұрық» компаниясының барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жаңа жыл алдында балалардың арманын орындап, оларға қуаныш сыйладыңыздар. Өзісмнің балам табиғатынан өте белсенді және ширақ. Бірақ, қазір емделу тәртібіне сәйкес ол өзінің палатасынан шыға алмайды. Сыртқы әлеммен қажетті байланыстың болмауы, оның жиі болатын еркелігінің басты себептерінің бірі еді. Енді, бүгін осы мәселе толығымен шешілді деп ойлаймын. Мультфильмдер мен ойындар күрделі емдеу процедураларынан ұлымның көңілін аулауға көмек болады. Сіздерге тағы да рахмет.

Гаухар Бурумбаева – 10 жасар науқастың анасы

Аталған акцияны өткізуге үлес қосқан барлық жандарға рахмет! Онкологиялық аурумен сырқаттанатын балалардың және шала туған сәбилердің ата-аналарының атынан үлкен алғыс айтқым келеді. Жасаған жақсылықтарыңыз сіздерге жүз есе болып оралсын.

Айта кетерлік жайт, биылғы жылы «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы жаңа жылдық корпоративтік кешті өткізуден бас тартып, жиналған қаражатты бірауыздан аталған қайырымдылық акцияны өткізуге жолдауды ұйғарды.