«Тау-Кен Самұрық» АҚ Mines&Money Australia 2013 халықаралық тау-металлургия көрмесіне қатысты

«Тау-Кен Самұрық» АҚ делегациясы Мельбурн қаласында (Австралия) 2013 жылғы 30 қазаннан бастап 1 қараша аралығында өткізілген, Mines&Money Australia 2013 халықаралық тау-металлургия көрмесіне корпоративтік стендпен және барлық маркетингтік құжаттармен және брошюралармен қатысты.

Осы көрме аясында компания өкілдері австралиялық Australian Financial Review ұлттық газетіне Қазақстанмен және «Тау-Кен Самұрық» АҚ-пен гидрометаллургия саласында ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті туралы сұхбат берді.

Австралия сапары барысында Брисбен қаласында (4 қараша) және Перт қаласында (5 қараша) Австралияның 40-тан астам тау-металлургия және консультациялық компаниялары мен мемлекеттік ұйымдарымен «Тау-Кен Самұрық» АҚ портфелінің инвестициялық мүмкіндіктеріне кездесулер және тұсаукесерлер өткізілді.

Сондай-ақ, Бандура қаласындағы Rio Tinto ғылыми зерттеу зертханасында болып (7 қараша), Текі компания ынтымақтастығының одан арғы кейбір салалары белгіленді.