«Тау-кен Самұрық» АҚ өкілдерінің британиялық Energy Invest Group Ltd компаниясының президенті Найджел Харпер (Nigel Harper) мырзамен кездесуі өткізілді

2012 жылы 23 мамырда «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің британиялық Energy Invest Group Ltd компаниясының президенті Найджел Харпер (Nigel Harper) мырзамен кездесуі өткізілді. Тараптар Қазақстан Республикасы аумағындағы перспективалы сирек жер элементтері кен орындарын және басқа да қатты пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру мүмкіндігін талқылады және екі жақты ынтымақтастықтың одан кейінгі қадамдарын белгіледі.