​«Тау-Кен Самұрық» АҚ Қазақстандық ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының 5 жылдығына орайластырылған «Плаксиндік оқулар – 2014»: «Байытудың үдемелі тәсілдері және табиғи техногендік минералды шикізатты кешенді өңдеу» халықаралық кеңесіне қатысты.

2014 жылғы 16 – 19 қыркүйекте Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтында «Плаксиндік оқулар – 2014» халықаралық кеңесі болып өтті. Аталған іс-шара өзін, Еуразиялық экономикалық одақ қатысушыларының өзара тиімді ынтымақтастығы және тау-металлургия саласындағы біліммен және технологиямен алмасудағы өзара әрекеттестік үшін тиімді алаң ретінде нақты көрсете білді. Кеңес аясында пленарлық және секциялық отырыстар өтіп, оларда «Табиғи және техногендік шикізатты кешенді және терең қайта өңдеудің үдемелі технологиясы» (Ресей), «Қазақстанның қиын байытылатын минералды және техногенді шикізатын кешенді өңдеудің технологиялық және экологиялық аспектілері» (Қазақстан Республикасы), «A Short History of Mineral Processing» (Канада), «Сирек металдар-сирек жер рудаларын кешенді өңдеудің технологиялық проблемалары және оларды шешудің жолдары» (Ресей), «Алтынды қосымша алудың инновациялық технологиясы негізінде мыс және мыс-мырыш рудасын өңдеудің кешенділігін арттыру» (Ресей), «Тау-металлургия кешенін тұрақты дамыту мақсатында минералды және техногендік шикізатты геологиялық барлау, өндіру және өңдеу саласындағы проблемаларды жүйелі шешу» (Қазақстан Республикасы), «Био- және геотехнология тәсілдерін пайдалана отырып, байыту фабрикалары қалдығынан түсті металдар алу техногиясын әзірлеу» (Ресей) тақырыптары бойынша сөйленген сөздер «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ, Плаксиндік оқулар жұмысы шеңберінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері, тау-байыту және металлургия компаниялары мамандарымен және сала сарапшыларымен бірлескен кездесулер мен пікір алмасулар өткізді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша минералды шикізатты өңдеу кезіндегі перспективалық бағыттарды дамыту мен аса маңызды іргелі зерттеулерді іске асыру және инновациялық әзірлемелер бойынша ұсыныстар дайындалды.