«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының өкілдері Silicon Market Forum 2018 халықаралық кремний көрмесіне (Лиссабон, Португалия) қатысты.

Көрме барысында әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер өтті. «Tau-Ken Temir» кремний зауытына жабдықтар мен көміртекті шикізат (колумбия көмірі, ағаш көмір) жеткізу мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, металлургиялық кремний, кремний қожы және микросиликтерді әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілді. Алюминий өндірушілері мен трейдер компаниялар ынтымақтастық орнатуға ниеттерін білдірді.