«Тау-Кен Самұрық» және ENGINEERING DOBERSEK EPC келісім-шартына қол қойды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа тау-кен байыту комбинаты салынады, тиісті құжаттарға ағымдағы жылғы 2 қазанда Лондон қаласында өткен инвестициялық форум барысында қол қойылды.

Кепілдік шартына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тарапынан Ахметжан Есімов, ЕҚДБ тарапынан Сэр Сума Чакрабарти қол қойды. ЕРС-құрылыс жөніндегі келісімшарты «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген және ENGINEERING DOBERSEK компаниясының басшысы Альбин Доберсек қолымен бекітілді.

Жоғарғы деңгейде автоматтандырылған заманауи кәсіпорын – цифрлық тау-кен байыту комбинаты (ТБК) сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнімдер – қорғасын және мырыш концентраттарын шығыратын болады. ТБК жобалық қуаты – жылына 4 млн. тонна, ол 1500 адамды жұмыспен қамтиды. Бірінші кезекті іске қосу 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр.

ЕРС (ағылшын тілінен аударғанда Engineering, procurement and construction, яғни, «толық аяқталған» құрылыс) бойынша тендер екі кезеңде өтіп, қыркүйекте аяқталды. Тендер жеңімпазы -ENGINEERING DOBERSEK GmbH компаниясы. Шартқа сәйкес мердігер байыту фабрикасын салуға байланысты барлық жұмысты өзі атқарады. Жобаны Еуразиялық Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады (295 млн. АҚШ доллары), ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаражаттың қайтарылуына кепілгер болады.

Жаңа тау-кен байыту комбинаты «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының басымды инвестициялық жобаларының бірі болып табылатын және әлімдегі ең ірі бестіктің қатарына кіретін Шалқия қорғасын-мырыш кен орынының базасында салынады. Кен орыны Кеңес Одағы кезінде ашылған, бірақ, оны игеру бойынша күрделі жұмыстар қазір ғана басталып отыр. Шалқия кен орынын өндіруді «Тау-Кен Самұрық» ҰТК еншілес компаниясы «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС жүзеге асыруда.

АНЫҚТАМА ҮШІН: ENGINEERING DOBERSEK GmbH компаниясы 1983 жылы негізін қалаған, өнеркәсіптің тау-кен, металлургия, энергетика, химия салаларындағы объектілерін жобалауға және салуға мамандандырылған компания.

Шалқия кен орынының баланстық қоры 112,9 млн. тонна кен, Zn – 4,83 млн. тонна, Pb – 1,49 млн. тонна мөлшерінде бағаланады.