​«ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ПЕН«ТАУ-КЕНАЛТЫН» ЖШС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАУ-БАЙЫТУ ЖӘНЕ ТАУ-МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ПЕН«ТАУ-КЕНАЛТЫН» ЖШС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАУ-БАЙЫТУ ЖӘНЕ ТАУ-МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
2013 ЖЫЛҒЫ 17 СӘУІРДЕ «ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ПЕН«ТАУ-КЕНАЛТЫН» ЖШС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАУ-БАЙЫТУ ЖӘНЕ ТАУ-МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ БОЙЫНША «АФФИНАЖ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДАҒЫ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ» ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.
2013 жылғы 17 сәуірде «Тау-КенСамұрық» АҚ пен«Тау-КенАлтын» ЖШС, Республикалық тау-байыту және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының қолдауы бойынша «Аффинаж зауыты құрылысының барысы туралы және оның алдағы болашағы туралы» дөңгелек стол ұйымдастырды.Дөңгелек стол жұмысына Қазақстанның жетекші алтын өндіру компаниялары, оның ішінде «Алтыналмас» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Юбилейное» ЖШС және басқалар қатысты. Іс-шара шеңберінде қатысушылар «Аффинаж зауытының құрылысы» инвестициялық-стратегиялық жобасын іске асырудың барысын, алтын шикізатын қайта өңдеу технологиясын және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талқылады. Сондай-ақ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Тау-Кен Алтын» ЖШС өкілдері, компаниялардың ынтымақтастықтың келешегіне қатысты сұрақтарына жауап қайтарды.
Сонымен бірге, қатысушылар құрылыс алаңын аралап көрді, онда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеевпен кездесу болды.
Жұмыс қорытындысы бойынша «Тау-Кен Алтын» ЖШС алтын өндіруші компаниялар «Алтыналмас» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ, «Ақмола Голд» ЖШС пен «Юбилейное» ЖШС-пен қымбат бағалы металдар шикізатын жеткізу мен қайта өңдеуге арналған Меморандумға қол қойды.
Меморандум шеңберінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС, қымбат бағалы металдардан тұратын шикізатты өңдеуге арналған ыңғайлы бағаны қамтамасыз етуге, ал өз кезегінде – шикізатты уақытында қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Осылайша, қазіргі уақытта жиырма бір компаниямен тиісті меморандумға қол қойылды.