«Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару мүмкіндігі хабарланады

«Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Тау етегіндегі Кетмень кен орнындағы алтыны барлау»  жер қойнауын пайдалану келісімшартымен байланысты «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару 

Иеліктен шығару объектісі: «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесі.

Жер қойнауын пайдалану түрі: барлау

Пайдала қазбалардың түрі: шашыранды алтын

Қазақстан Республикасын Алматы облысындағы Тау етегіндегі Кетмень учаскесіндегі алтынды барлауға арналған 2012 жылғы 31 шілдедегі №4134-ТПИ келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт).

Келісімшарттың мерзімі: 4 жыл

Келісімшарттың иесі: «Тау Кетмень» ЖШС

«Тау Кетмень» ЖШС бойынша қысқаша ақпарат

«Тау Кетмень» ЖШС Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8-үй, «Меруертті орам» әкімшілік ғимаратының «Б» блогы, 13-қабат мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 29.12.2012 жылы тіркелген.

 «Тау Кетмень» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады.

 

«Тау Кетмень» ЖШС 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік балансы:

                                                                                                                                                                       мың. теңге.

Баланс

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

I. Қысқа мерзімді активтер

 

 

Ақша қаражаттары және олардың баламасы

31 319

39 210

Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық қарыздар

 

133

Өзге де қысқа мерзімді активтер

195

186

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

31 514

39 529

II. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

Барлау және бағалау активтері

256 201

141 377

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

8 700

7 233

Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

264 900

148 610

Активтер жиыны

296 414

188 139

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

Қысқа мерзімді резервтер

4 402

3 881

Қызметкерлерге берілетін сыйақы

38

 

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

4 439

3 881

V. Меншікті капитал

Жарғылық (акционерлік) капитал

 

 

Бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)

318 832

199 453

Капитал жиыны

(26 857)

(15 195)

Міндеттемелер мен Капитал жиыны

291 975

184 258

V. Меншікті капитал

296 414

188 139

*Аудиттелмеген қаржылық есептілік

Жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша қысқаша геологиялық ақпарат.

Жұмыс ауданы Кетмень үстіртінің оңтүстік бөктерінде орналасқан. Әкімшілік тұрғыда ол Алматы облысының Ұйғыр және Райымбет аудандарын қамтиды.

Алап жұмысының шығысына қарай 30 км жерден Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасы өтеді. Райымбек ауданының орталығы – Кеген кенті жұмыс учаскесінің оңтүстік батысына қарай 110 км қашықтықта орналасқан.

Зерттеу объектісі – шашыранды алтын – құмайт топырақты – қиыршық тасты толтырғышпен ірі түйірлі қиыршық тасты-малта тасты түзілімдерде ұсынылған неогенді және төрттік кезеңде айқын көрінетін кайнозой кезеңінің түзілімдерінде шоғырланған.

Тау етігіндегі Кетмень учаскесіндегі шашыранды алтынның байырғы дереккөздері Кетмень геологиялық-минерагендік кіші аймағының Шығыс Кетмень кенді аудандарының Оңтүстік-Кетменьді торабымен байланысты.

Кенді торап тас көмірлі кезеңдегі жанартаулы құрылыстарға ұштастырылған. Кенді тораптың орталық бөлігі алтын минералдарымен жүретін кварцті және пиритті аймақтардың түзілуімен қарқынды метасоматозға ұшыраған, флюидальды салмақты лавалардан және женттас түріндегі трахидацитті құрамнан түзілген Аршалының экструзивті күмбездеріне ұштасып жатыр.

Кварцті аймақта саф алтын кездеседі және ол жоғарғы дисперсиялы және коллоидті алтындардан тұратын, пиритті аймақтың жоғарғы жағында гипсометриялы түрде орналасқан.

Гидротермальды-метасоматикалық бағанның жоғарғы бөлігінде орналасқан және 1,0-74,0 г/т кезіндегі бос саф алтынды көптеген алтын-сульфидті кварцті желілі объектілер эрозиямен жойылған, ал бос алтындар аралас топыраққа айналған. Оңтүстік Кетмень кенді торабының қазіргі заманғы эрозиялық кескінінде 0,1-0,3 г/т. алтын құрамы пиритті аймақтармен  ұсынылған.

Келісімшарттық аумақ бойлық кескін түбіндегі жатықталумен және әртүрлі жастағы террасалардың дамуымен сипатталатын Кетмень (ұзындығы шамамен 4,5 км) және Шалқұдысу (4,0 км бойында), өзені аңғарының қолайлы шегінде орналасқан.

Аталған аймақтардың алтындылығы мына типтегі шашыранды кендермен байланысты:

  • террасалық Кетмень өзенінің І және ІІ сол жақ жағалаулы жайылма үстіндегі террасаларда;
  • террасалық Кетмень өзенінің ІІІ оң және сол жақ жағалаулы жайылма үстіндегі террасаларда;
  • Шалқұдысу өзені аңғарындағы үлкен көлемдегі МТТ. 

Кен орнының қорлары

Келісімшарттық аумақтың шекара маңындағы шашыранды алтынның жалпы болжамды ресурстары 7089,83 кг мөлшерінде бағаланды, оның ішінде: Кетмень өзенінің аңғары бойынша P1 – 2559,38 кг және Шалқұдысу өзенінің аңғары бойынша Р2 – 4530,45 кг.

Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер мен камеральды нәтижелерді өңдеу жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша С12 санаты бойынша қорларға есептеу жүргізілетін болады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарт бойынша ағымдағы жағдай.

Келісімшарттың әрекет ету мерзімінен бастап объектіде мынадай геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді:

  • топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
  • тау қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларына ұңғылау және сынамалау – 3010 қ.м;
  • ұңғымалар мен шурфтардан алынған сынамаларды іріктеу – 6020 сынама;
  • «гравитациялық» алтынның құрамын сандық бағалау – 252 сынама;
  • гидрометаллургиялық әдісті қолдана отырып, майда және жіңішке алтынның құрамын сандық бағалау – 3560 сынама;
  • алынған нәтижелерге талдау жүргізілді және 1:5000 масштабында Кетмень өзенінің алтынды аңғарының нобайлық картасы жасалды;
  • «КРИЦ – НТК» ЖШС (Степногорск қ., директоры В.В. Перегудов) КТ-1 ірі көлемді сынамасына технологиялық зерттеулер жүргізілуде 

Сату процесі

«Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы қатыс үлесін сату Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сатып алу процесі 2 кезеңнен тұрады:

  1. 1. Алдын алу кезеңі:
  2. Үлесті сатып алудың болжамды мөлшерін міндетті түрде көрсетіп, әлеуетті сатып алушы туралы ақпаратты ұсына отырып мүдделілік туралы хат.
  3. Әлеуетті сатып алушының өтінімі бойынша құпия емес ақпараттарды ұсыну.
  4. Құпия ақпараттарды ұсыну үшін одан әрі мүдделілік болған жағдайда Құпиялылық туралы келісімге қол қою.
  5. «Тау-Кен Самұрық» АҚ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі құзыретті мемлекеттік органға Келісімшартқа байланысты құпия ақпараттарды беруге рұқсат алуға қатысты өтініш береді.

2 Іріктеу-қорытындылау кезеңі

  1. Коммерциялық ұсыныстарды ұсынуға арналған өтінімді мүдделі тараптарға тарату және көпшілікке жариялау. Өтінімге мәміле жөніндегі ең төменгі талаптар мен коммерциялық ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі енеді.
  2. Коммерциялық ұсыныстарды «Тау-Кен Самұрық» АҚ уәкілетті органдарының қарауы.
  3. Аталған мәміле бойынша іріктелген тараппен бірге транзакциялық құжаттарға қол қою.

 

Негізгі заңнамаға сілтеме – Қазақстан Республикасы құқықтық актілері: https://www.tks.kz/page/zakonodatelstvo  (www.tks.kz/Инвесторам/Законодательство)

«Тау-Кен Самұрық» АҚ  почталық мекенжайы:

Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Есіл ауданы, Д.Қонаев көш., 8, «Б» блок, Меруертті орам әкімшілік ғимараты, Б блок, 13-қабат.

Кеңсе

Тел.: +7 (7172) 55-95-72

Факс: +7 (7172) 55-27-80

e-mail: info@tks.kz

Сұрақ туындаған жағдайдағы байланыс телефоны:

Аршабеков Алибек

Инвестициялар жөніндегі басқарушы директор

+ 7 (7172) 55-95-17

a.arshabekov@tks.kz

Абдикеримов Алтай

Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері

+7 (7172) 55-95-20

a.abdikerimov@tks.kz