«Taỳ-Ken Samuryq» ұлттық компаниясы Қызылорда облысының оқу мекемелерінде Шалқиядағы жаңа КБК үшін мамандар дайындайды.

«Taỳ-Ken Samuryq» Басқармасының Төрағасы мен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың кездесуінде Шалқия қорғасын-мырыш кен орны базасында байыту фабрикасын салу мәселелері талқыланды.

КБК құрылысының жобасы республикалық индустрияландыру картасына енгізілген, оны іске асыру өңір экономикасы үшін де, жалпы ел үшін де үлкен экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 2500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, қазір мұнда 625 адам еңбек етуде.

«Taỳ-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ Басқармасының Төрағасы Қанат Құдайберген кездесуде қазіргі уақытта тау-кен бөлігі мен жер үсті кешені жобасын түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.