Ынтымақтастық туралы келісім

«Тау-Кен Самрұқ» ҰТК» АҚ жəне «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Әңгіме Спасск мыс кені аумағындағы мыс, алтын жəне басқа ілеспе құрамдастар туралы болып отыр.

Спасск мыс кен аймағы Қарағанды облысының Бұқар Жырау, Абай жəне Қарқаралы аудандарының аумағында орналасқан, оның жалпы ауданы 6275 шаршы км. құрайды.