Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Астана қаласындағы аффинаж өндірісі

Астана қаласы

Өнімдер

Тазартылған алтын және күміс

Инфрақұрылым және алаптың қысқаша сипаттамасы

Зауыт Астана қаласының «Астана – Жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан.

Объектінің қысқаша сипаттамасы

Қуаты жыл сайын 25 тонна алтын және 50 тонна күмісалтын шикізатын кешенді және терең өңдеу өндірісі.

Жоба, бағалы металдар аффинажы саласындағы әлемдік үздік үлгіге сәйкес әзірленді. Аффинаждау технологиясын таңдаған кезде, пайдаланылатын процестің экологияға сәйкес келуі, іріктеудің басты өлшемдердің бірі болды. Осыған сәйкес, технологиялық процесте жабдықпен бірге кешенді пайдаланылатын, абсолютті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, қымбат бағалы металдар аффинажының электрохимиялық әдіс технологиясы таңдап алынды.

Қазіргі уақытта зауыттың банк құйма (стандартты және өлшемі 50 граммнан басталады) және халықаралық нарыққа айналымға жіберуге болатын ұсақ түйіршіктер түріндегі тазартылған қымбат бағалы метал өндіруге мүмкіндігі бар. Зауытты іске қосу 74 жаңа тұрақты жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті.

Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны

2018 жылға арналған өндірістік бағдарламада 20 тонна тазартылған алтын өндірісі қарастырылған.

2014 жылдан бастап 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін 51,7 тонна тазартылған алтын мен 20,7 тонна тазартылған күміс өндірілді.

2018 жылы GoodDelivery мәртебесін алу үшін жұмыс істейтін болады.

Қосымша ақпараттар мен ескертпелер (қажет болған жағдайда ғана)

Жобаны басқаруды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғамның еншілес компаниясы - «Тау-Кен Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асырады.