Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орнының вольфрам-молибден рудасын барлау және өндіру

Қарағанды облысы

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: вольфрам (W)

Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: молибден(Mo)

Инфрақұрылым және алаптың қысқаша сипаттамасы

Жоғарғы Қайрақты кен орны әкімшілік тұрғыдан Қарағанды облысының Шет ауданында, Жарық теміржол станциясының 35 км шақырымында орналасқан. Кен орны көлік және коммуникацияға тікелей жақын, қолайлы географиялық-экономикалық жағдайда орын тепкен. Кен орнының солтүстігінде 130 км жерде ірі облыс және өнеркәсіп орталығы – Қарағанды қаласы орналасқан. Кен орнының 65 шақырымында орын тепкен Ағадыр кентіне дейін, оңтүстік-батыс автожолы өтеді, оның 6 км технологиялық және 59 км асфальтты жол. Жоғарғы Қайрақты кен орнынан Солтүстік Қатпар кен орнына дейін көпірлері және ұзындығы шамамен 42 км су бұруы бар, теміржол төсемін салу жүргізілді. Карьердің тікелей іргесінде АӨК үшін алаң орналасқан (АӨК бөлігі сақталған). Жоғарғы Қайрақты кентінде, аяқталмаған көп қабатты ұйлер құрылысы (қораптары) бар. Таяу жылу-энергетикалық база Қарағанды көмір бассейні болып табылады (160 км). Солтүстік батысқа қарай 200 км Шұбаркөл тас көмір кен орны игерілуде, ол ауданның барлық кәсіпорындарын көмірмен қамтамасыз ете алады. Сыртқы энергия жабдықтау кәсіпорындары болашақта «Балқаш-Қарағанды» ЛЭП-500кВ-тен немесе «Павлодар-Орта Азия» Ағадар шағын станциясынан қамтамасыз етілуі мүмкін. Кәсіпорындарды сумен жабдықтау, запасы 130 мың м3/тәулік болып бекітілген Жаман-Сарысу және Жақсы-Сарысу жер асты сулары және Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналының Ақтас су қоймасы есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Климаттық тұрғыдан қуаң дала аймағына кіреді және шұғыл континентальды болып ерекшеленеді. Жазы құрғақ және жауын-шашын мөлшері аз, құрғақ; күзі құрғақ, аязды; көктемі қысқа (1-2 ай), жауын-шашын мейлінше мол түседі; қысының ұзақтығы шамамен 150 күн, ызғарлы тұрақты желді. Ауаның орташа жылдық температурасы +2,90; жазда ол +37o дейін көтерілсе, қыста -40o дейін төмендейді.

Объектінің қысқаша сипаттамасы

Гравиметриялық түсірілім деректері бойынша, кен орны, жоғарғы шекарасы 2,2 км, төменгі 6-7 км, размері 17х5 км гранит сілемді надинтрузив аймағында орналасқан. Өнеркәсіптік руда дене, тік құламалы өзекше сериясын қалыптастыратын, тұнба жыныс өзгерістері қыртысына орын тепкен қалың қабатқа ұштасады. Қалың қабат аймағының жалпы сұлбасы 10х18 км, ал өнімді сирек метал бөлігі 2300 м2 ауданды алып жатыр. Вольфрам кендену 750-800 м тереңдікке дейінгі тереңдік беткейінде дамыған. Молибден кендену төменгі деңгей жиекке тартылған. Кен орнын игеру, инженерлік-геологиялық шарттар бойынша орташа күрделі топқа жатады. Бастапқы кеннің минеральды құрамы барынша әртүрлі және шеелит, вольфрамит, молибденит, висмутин, пирит, халькопирит, таза висмут т.б. сияқты, негізгі кен минералынан тұрады. Ерекшелігі шеелиттің басым келуі болып табылады (80% асады).

Қоры/ресурсы және геологияның қысқаша сипаттамасы

01.01.2011ж. жағдай бойынша А+В+С1 WO3 кат. бойынша қоры - 1 216,3 мың т (0,133%), Мо – 39,6 мың т (0,005%). Сирек жер элементтердің болуы негізгі вольфрам-молибден рудасының бағасын 1,5-2 есеге дейін арттыра түседі.

Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны

Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орны вольфрам-молибден рудасын барлауға және өндіруге арналған келісімшарт 2016 жылы жасалды. Кен орны стратегиялық маңызды кен орындары тізбесіне енеді.

Жоғарғы Қайрақты к/о блокты модел құрылды, блоктық моделді сраптау аяқталып келеді.

ЖоғарғыҚайрақтык/о қазіргі үйіндісін іріктеу және ЖоғарғыҚайрақты карьерін құрғату жобасын әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.