Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

2020 жылдың соңына дейін АХҚО биржасында еліміздегі ең ірі компаниялардың, оның ішінде, «Тау-Кен Самұрық» компаниясының акциялары орналастырылады

Аkorda.kz сайты Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын іске қосқанын хабарлады. Мемлекет басшысы: АХҚО – тәуелсіз қазақстанның тарихындағы жаңа кезеңінің бастауы, АХҚО жетекші қаржы орталықтарының әлемдік тәжірибелері мен олардың құрылу тарихын мұқият зерттеу нәтижесінде ашылғанын айтты.

- АХҚО қазақстандық моделі әлемдік қаржы құрылымдары қызметтерінің ең үздік тәжірибелерін басшылыққа алған. Бұл орталық Қазақстан Республикасының резиденттерімен де, резидент емес субъектілермен де жұмыс істейтін болады. АХҚО қызметіне қатысушылар Қазақстан мен оның өңірлерінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің капиталына қол жеткізе алады, – деді Елбасы.

- АХҚО қызметіне қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режімдері қарастырылған. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз орталық. Тәуелсіз Сот пен Халықаралық арбитраж орталығы әділетті болуға және тараптардың құқықтарын сақтауға кепілдік береді, – деген Мемлекет Басшысы сөздерін akorda.kz сайты жариялады.

Қаржы орталығының ашылуымен АХҚО Биржасы жұмысын бастады. Бүгінгі таңда мұнда активтерінің жалпы көлемі 34 миллиард АҚШ долларын құрайтын 14 жергілікті және халықаралық брокерлер есептеліп отыр. Және бұл цифр одан әрі өсе бермек.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты: «алғашқы ірі қадам – АХҚО Биржасында ірі ұлттық компаниялардың акцияларын жариялы түрде орналастыру болатынын, сондай-ақ, 2020 жылдың соңына дейін IPO-ға еліміздің ірі компаниялары – «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «ҚазПошта», «Тау-Кен Самұрық», «ҚазақЭйр» компанияларының акцияларын орналастыру жоспарланып отырғанын» - хабарлады.

Ақпарат көздері:

http://www.akorda.kz/ru/events/astana_kazakhstan/participation_in_events/uchastie-v-ceremonii-otkrytiya-mezhdunarodnogo-finansovogo-centra-astana

https://primeminister.kz/ru/news/all/vistuplenie-bakitzhana-sagintaeva-na-forume-astana-finance-days-16812